Тау аңғары
Сан жолдың тоғыстырған тарауларын,
Көріп пе едің құзар шың,
Тау аңғарын.
Нұрланады өзіне жинап алып,
Күннің алтын сәулесі, бояуларын.
Өзені анау құздардан құлаш ұрған,
(Сияқты қара бұрым — бұратылған).
Еркелігін асырған арудайын,
Ақша бұлт шың иығына
Тұр асылған.
Жетелеп бірін-бірі алып қашып,
Жатыр шынды толқындар
Жарып тасып.
Жартастар елең қылмай паңданады,
Мінез ғой, қалған оған қалыптасып.
Мақпал жаз ба, ұйтқыған —
Қырау қыс па,
Көңіл тынар, даладан бір ән құшса.
Құзар шындар еркесі кең даланың,
Қандай арман бар екен қыран құста.
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі