Өлең, жыр, ақындар

Түнгі шумақтар жүрекпен сырласу

  • 17.08.2018
  • 0
  • 0
  • 2247
О, жас жүрек,
Шалқыған шалқармысың,
Тулатасың кеудемнің шалқар күшін.
Әр толқының жатқандай
Ән құшақтап,
Тым құрмаса біреуін айтармысың.
Сен нағылған,
Тынымсыз жүрек едің,
Саған сол тентектікті тілеп едім.
Тентек арман болмаса
Тепкілеген,
Ойсыздардың бірі боп жүрер ме едің.
О, жас жүрек,
Сен неге тұнжырадың,
Келтірші домбыраның күй құлағын.
Кеуде дейтін заңғардың биігінен,
Тасытшы,
Тасқын сезім,
Мың бұлағын.
О, жас жүрек,
Соншама бұлқынасың,
Кейде бір қол жетпеске ұмтыласың.
Кейде бір көктем болып —
Құлпырасың,
Өртенесің,
Өртейсің, ынтығасың.
О, жас жүрек,
Мұңданба, өтінемін,
Талай тайғақ, асудан өтіп едің.
Келіпсің сенгіштікпен
Көп сенделіп,
Енді өзім де сол үшін өкінемін.
О, жас жүрек,
Ақынның арқаларсың талай мұңын,
Өмірдің көтерерсің талай жүгін.
Аңғал басқан жерің көп,
Амал қанша,
Жазғырып өтті-ау қанша арайлы күн.
О, жас жүрек,
Шалқыған шалқармысың,
Тулатасың кеудемнің шалқар күшін.
Әр толқының жатқандай —
Ән құшақтап,
Тым құрмаса біреуін айтармысың?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүрегімде

  • 0
  • 0

Көп тарихпен таныстық жол үстінде,
Қанша әңгіме айтылды сол үш күнде.
Батырлыққа бай екен
Болғар елі

Толық

Шекара

  • 0
  • 0

Туған топырақ,
Адамның жер — Анасы!
Тұтасқан татулықпен ел арасы.
Араны бөлгенімен шек — сызығы,

Толық

Қара бұрым толқындап тілерсекте

  • 0
  • 0

Арманы бір қашанда,
Тілегі бір,
Үміт артқан халқымның түлегі бұл.
Осынау қарақат көз сіңлілерім,

Толық

Қарап көріңіз