Өлең, жыр, ақындар

Әпке

  • 23.08.2018
  • 0
  • 3
  • 22397
Есімде жас күндерім...
Сіз едіңіз елдегі тамаша қыз.
Ететін атыңызды
Талас аңыз.
Ілесіп кететіндей еді жігіт,
Бұрылып жай ғана сіз қарасаңыз.
Біреулер қол соза алмай, қалса арманда,
Біреулер асығатын қарсы алғанға.
Тыңдайтын
Талас бойы түгел ұйып
Әпке, сіз сызылтып бір ән салғанда.
Танадай маңдайдағы жанар қандай,
Көз тартқан кеудедегі анар қандай!
Көмекке келетұғын бір жеңгеңіз
Жууға шашыңызды қара ормандай.
Іздейтін сізді той мен дүрмек дейтін.
Ақ сәуле жүзіңізден бір кетпейтін.
Сізді, әпке, бүкіл ауыл мақтан тұтып,
Сізді, әпке, бүкіл ауыл құрметтейтін.
Болашақ шақырды ма сапарға үнсіз,
Жүр едік өзіңізбен қатар мұңсыз.
Кеттіңіз
Алматыға ұшып бірде,
Аққанат құсы едіңіз апамның сіз.
Ауылда қалмағандай мүлде бақыт,
Тұрды апам көзден моншақ сырғанатып.
Тұнжырап туған ауыл қалды сонда
Ұлдары, гүлдері де мұңға батып.
Кей-кейде тар кеудеге сыймайды арман,
Жемісін жылдар өзі сыйлайды алдан.
Төгілген тобығыңа бұрымыңды
Сонда, әпке, бүкіл ауыл қимай қалған.
Ажары таңдантпаған өзге қыздың
Өткен күн сурет боп тұр көзде біздің.
Сүйтсек сіз кетіп қалған екенсіз ғой,
Қолынан ұстап осы жездеміздің.
Кетуге сізді алысқа көндірген де,
Ол бәлкім сезіміне сендірген де.
Бақытын қыз даладан іздейді екен
Сол жолмен Алматыға келдім мен де.
Біз әлі талайларды шөлдетерміз,
Біз әлі тал бесікті тербетерміз.
Апалы-сіңлілі боп Алматыда
Ауылды сағынамыз енді екеуміз.
Жүзіңіз ақтығындай таза қардың,
Білмеймін, тоза ма сол ажар әр күн?..
Енді біз бір қуанып, бір күйеміз
Сөзіне, істеріне бажалардың.
Адамдардың барлығын да түсінем,
Адамдардың бәріне де қиын-ақ.
Білер едім не ойлайтынын ішінен,
Көздеріне қарар болсам бір уақ,
Бәрінің де кездерінде таңданыс,
Жүрегінде — сабақтары өмірдің.
Тірлік деген аз уақыт алданыш,
Түсінікті не бір шаттық, не бір мұң.
Түсінемін жайын ақыл-естің де,
Әртүрлі күн, әртүрлі жол — әр тарап.
Қайғысын да, байлығын да ешкімге
Өткізе алмай өтеді адам арқалап.
Қайғы да – у.
Көкірегіңе құлай кеп
Өлтірмейді, азаптайды баз бір у.
Кейде, достар, «неге олай да бұлай» деп
Ешкімді де керек емес жазғыру.



Пікірлер (3)

Мен Нұраймын

сіздің өлеңдеріңіз маған ұнады мен әпкеме арнап айтатын болдым

Мен Нұраймын

Рахмет көп-көп

Мен Ясминамын

Бұл өлең өте керемет екен маған қатты ұнады

Пікір қалдырыңыз

VII бөлім

  • 0
  • 0

Жапырақтар, әр түрлі ән құрарсыңдар,
Алдарыңда әр түрлі тұрар сындар.
Нәзіктерім, сендермен сырласайын,
Менің нәзік жанымды ұғарсыңдар.

Толық

Қалалар мен адамдар

  • 0
  • 0

Ой келеді жауған кезде жаңа қар,
Жаның қалай тебіренбей қала алар?
Соққан боран, жауған қарға қарамай,
Салады адам жаңа-жаңа қалалар.

Толық

Ләйлектер келгенде

  • 0
  • 0

Таңдай ақшыл жарасып көйлектерің,
Тәнмен сезіп ұзақ жол бейнеттерін,
Жапония жері ме, Африка ма,
Қай арадан қайттыңдар, ләйлектерім!

Толық

Қарап көріңіз