Өлең, жыр, ақындар

Өз елім

  • 23.08.2018
  • 0
  • 0
  • 5285
Сүйіктіңдей жүретін кіл есіңде,
Кір түсірме ел деген ұлы есімге.
Ата мекен — бақыты бабалардың
Жеңіп алған сап ғасыр үлесінде.
Күндерімен, түнімен, гүлдерімен
Өзіңдікі ол сенің, білесің бе?
Өзіңдікі ауасы, таң нұры да,
Өзіңдікі жазы да, жаңбыры да.
Өзіңдікі даласы, тау, қыры да,
Өзіңдікі мереке, ән-жыры да.
Өзіңдікі барлығы болғаннан соң
Өзіңдікі болғаны тағдыры да.
Өзіңдікі суы да, орманы да,
Өзіңдікі көлі де, қорғаны да.
Өзіңдікі үйлері, бақтары да,
Өзіңдікі көшесі, жолдары да.
Бар бақыты сенікі болғаннан соң
Қайғысы да сенікі болғаны да.
Бір көресің шат, мұңды кезеңін де
Алтын болып көрінер жез өңінде.
Сен сүюге туған жердің
Бұлбұлын да, әнін де, өзенін де
Өз анаңның алдында ұйықтағандай
Өзі бақыт — жүргеннің өз еліңде!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қазақ қызы

  • 0
  • 0

Қазақ қызы!
Көрмедім мен осындай қайраткерді,
басқар десе, басқарды аймақты, елді.
Бесігін де тербетіп, үйін де ұстап,

Толық

Бауыр

  • 0
  • 4

Баяғыда
Өлеңі үшін ақылды
Кесірленіп, кесім айтып ақырғы,
Ойсыз әкім абақтыға қамапты

Толық

Қызыл алма

  • 0
  • 0

Су суыған октябрьдің соңы бұл,
Алма бақтан қайда әкеткен толы гүл?!
Жасырынып жалғыз алма қалмап па,
Жапырақтардың тасасына мол үңіл.

Толық

Қарап көріңіз