Өлең-жыр байқауы

Ей, өмір

  • admin
  • 17.04.2015
  • 1
  • 22
  • 36596
Дүниенің ағын да, қарасын да,
Мыңқ етпейсің, қабылдап аласың да.
Қарасымен шамаң жоқ таласуға,
Ей, өмірім, зымырап барасың ба?
Жер мен көктің желпініп арасында,
Желігесің, түсесің қара суға.
Құйын қуған қаңбақтай аласұра,
Ей, өмірім, зымырап барасың ба?
Мен отырмын теңіздің жағасында,
Бересім де жоқ оған, аласым да.
Мені тастап, толқындар, ағасың ба?
Толқынданып, өмірім, барасың ба?
Шаң шығарып ізінен құйындаған,
Барасың ба, өмірім, қиындаған?
Сыйын маған,
Ей, өмір, сыйын маған,
Сыйыңды алам мен сенің бұйырмаған


Басқа да өлеңдері

Хал мүшкіл, қалқам

  • 1
  • 2

Керемет кезде тусақ та,
Керемет шақта тұрсақ та,
Білдірмей іштен тынсақ та,
Біздің хал мүшкіл бұл шақта.

Толық

Оспанхан Әубәкіровке

  • 1
  • 0

Жүр, досым, аяңдайық баққа қарай,
Күн көзін тұман тағы қаптағаны-ай!
Аяз Атаң тәттісін үлестіріп,
Ащысын екеумізге сақтағаны-ай!

Толық

Бұрын ылғи құс сайрайтын тереземнің алдында

  • 1
  • 1

Бұрын ылғи құс сайрайтын тереземнің алдында,
Ала қарға, қарқылдайды...
Нендей сиқыр бар мұнда?!
Көгершіндер, шымшықтар-ау...

Толық

Пікірлер (22)

Г

Жақсы

Г

Жақсы

Айдана

бұл өте керемет өлең

Ғазиза

Өте керемет маған өте қатты ұнады

Ғазиза

Керемет

б

Керемет

Камшат

Өте ғажап

Жанерке

Маған қатты ұнады

Жанерке

Тамаша

Жасмина

Өте ғажап тамаша

Амина

Өте жақсы

anvar

Jaqsi juda keremet unaydi

сымбат

бизге осы кисинин 30 оленин жаттауга берди киын гой киналамын деп журсем оте онай ари кызык екен 2 апта ишинде барин жаттап алдым керемет кушти оте жаксы маган унады мен 140 гимназия мукагали макатаевтын мектебинде окыгандыктан береди 40 олен

Әділжан

Өте керемет өлең. Рухты көтеретін,мағналы өлеңдері де ба. Соларды жаттап айткан қандай керемет

Айым

Жүрекке жететін күшті өлең

Арай

Өте керемет өлең
Күшті

Ақнур

өте тамаша өлең базар жоқ

jah khalib

Мне нравится это стих с раннево детство

Балнұр

Өте күшті.Мен мәнерлеп оқудан Мақатаевтің Ей өмір өлеңін айтпақшымын.

Әукңк

Өте жаксы өлең рухтандырып жібереді

Аида

Керек болп тұр

Аида

Бул өте керемет

Пікір қалдырыңыз