Өлең, жыр, ақындар

Таластағы жер аттары

  • 27.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1708
"Талас" деген — грекше "теңіз" деген,
Бір кезде ел мұнда құрғақ жер іздеген.
"Үшарал" — сол кездегі табылған ат,
Жер аты — ескерткіш сөз, ең ізгі өлең.
"Жалқамыс" жолбарысты есте шығар,
Боз таста "Бозтамшының" кестесі бар.
"Арнасы", "Ақкесене", "Көккесене",
"Суықжал", "Әулиесі", "Еспесі" бар.
Бар тағы бірге жатқан "Төрт ақыны",
Текке ме жұрттың одан қорқатыны.
Ғажабы —
Ғасыр бойы соққан самал
Күмбезде қобыз күйін тартатыны.
Жылдардың
аударылып парақтары,
Жел тұрар дәуір жырын таратқалы.
Бабалар ақындығын дәлелдейді
бейнелі "Таластағы" жер аттары.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тал бесік

  • 0
  • 0

Қара бұлт қаптаса да аспан, айды,
Түссе де найзағайдай басқа қайғы.
Үдеріп үрейленіп көшкенде де,
Жұртына қазақ бесік тастамайды.

Толық

Арғымақ

  • 0
  • 0

Құлан жылқы зауытында туған әсер
Көз қадамай өте алмайтын әркім-ақ,
Тұрпатымен көре қалған жанға ұнап,
Тұлпарларды өсіретін заводта

Толық

Ақын

  • 0
  • 0

Құдіреттеніп құйылғанда ұлы ақын,
Гераклдей күшті әрі ірі — ақыл.
Күңіренеді қобыздайын аңырап,
Тебіренеді теңіздейін сұрапыл!

Толық

Қарап көріңіз