Өлең, жыр, ақындар

Бақыт жайлы

  • 27.08.2018
  • 1
  • 1
  • 7355
— Мазалайды көңілді сұрақ талай.
Үмітімді күндерім жүр ақтамай.
Бақыт қайсы,
Өмірде барлығы да
Баянсыз өте шықса тұрақтамай?
— Қыс өтеді,
Ериді сүт — ақ қар да.
Көгереді жапырақ, бұтақтар да.
Уақыттың қанатты сусылынан
Жыртылады жыр толы кітаптар да.
Өзгереді осылай мұның бәрі:
Тартылады өзендер түбінде әлі.
Ақ аспан да кейде ашық, кейде бұлты,
Күзгі күндей дүние құбылмалы.
Көрінбейді кешегі таныс ағай.
Ағарады күн өтсе әлі самай.
Тіршілікте бәрісі өзгереді,
Өзгереді,
өйткені заңы солай!
Тоқтамаса
тіршілік нәрін үзіп,
Ауырмасаң,
жүйкені дәрі бұзып,
Ащы-тұщы,
Шат-мұңды,
Барлы-жоқты
Аман жүрген күндердің бәрі қызық.
Жау шаппаса,
оқыстан іргеңді ала,
Жайқалады алқызыл гүлмен дала.
Бақытты ма?
Бақытты — дер кезінде
Бар нәрсенің қадірін білген ғана.



Пікірлер (1)

Арайлым

Оте керемет маган унады

Пікір қалдырыңыз

Қала

  • 0
  • 0

Рухымыз кетпепті аласарып,
Азаттықтың байрағын ала салып,
Өркениет аулына көш түзедік,
Алдыменен жол салып, қала салып.

Толық

Өлең

  • 0
  • 0

Несіне осы өлеңді жазамын мен,
Тарттым қой жетерліктей азабын мен.
Білмеймін қалай еріп кеткенімді
Муза кеп сыбырласа ғажап үнмен.

Толық

Наурыз тойы

  • 0
  • 0

(Наурыз көжеге шақыру)
Наурызкөк құс оралды қанаты ырыс.
Нәзік еді не деген, жарықтық-ай,
Жан мейірімін оятқан жаратылыс.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер