Өлең, жыр, ақындар

Мәрт көңіл

  • 28.08.2018
  • 0
  • 0
  • 2618
Иншалла, қолымда жақсы зат болса,
Жарлы, мұқтаж жандарды жарылқауға жететін,
Жаны мұңды жандарды бақыттырақ ететін.
Таразыға тартылмас, өлшенбейтін өлшеммен,
Табиғаттың өзіндей тегін сыйлық берсем мен.
Жаны жақсы жандарға жастайымнан көп сенген
Құрма ағашы сияқты жемісімді төксем мен.
Күннің нұры сияқты шапағатымды таратсам,
Түгесілмес, түпсіз пәк махаббатымды таратсам.
Балалыққа менің де кеткен еді мол есем,
Балалардың барлығын мейірімге бөлесем.
Ептілерге ұқсамай, тең, құрбыны дос көрсем,
Ең ақылды патшадай ел бірлігін ескерсем.
Алақаным жабылмай,
Атымтайдай мырза боп,
Ағайын-дос мақтанса мәрт көңілге ырза боп.
Әзиз халқым көбейіп, уайымымды азайтсам,
Заманынан озатын заты гауһар сөз айтсам.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көгілдір кештерінде Көкшетаудың

  • 0
  • 0

Ауаның өзінде де көк шырай қап,
Самал жел көк бояуын төксін ойнап...
Көкшетау!
Көгілдір нұр!

Толық

Аркадийдің фотолары

  • 0
  • 0

Мынау достар!
Жас күніміз бірге өткен.
Аяулы еді, ыстық еді, түу, неткен!
Рахия, Күлтай, Башар, Ізімгүл

Толық

Жұлдызым Жібек жолы бойындағы

  • 0
  • 2

Тақ Тараз. Жалқы Тараз жаһандағы,
Түп қазық, туған үйім Отандағы.
Ықылым замандардың шаңы жұққан
Шаһарлы шежіремнің қаһарманы!

Толық

Қарап көріңіз