Өлең, жыр, ақындар

Халық әні

  • 28.08.2018
  • 0
  • 0
  • 7157
Қазақтың халық әні!
Қазынамсың!
Адамзат қазынаңнан азық алсын.
Үйреткен
Даналыққа, адалдыққа
Сен деген —
Жігерлі де нәзік әнсің!
Ұшы жоқ, қиыры жоқ боз даладан
Ұшқан ән,
Бота болып боздаған ән.
Мұңды қыз,
Мұзбалақ ер, бозбаладан
Қалған ән,
Қалың шерді қозғаған ән!
Дүние-ай!
Бас — еріксіз,
Көңіл — қыран.
Ән — еркін, еркін үнім — бағым, мұрам.
Қазақтың кең даласы керемет күй,
Аспаны — тұнып тұрған көгілдір ән!
Қазақтың халық әні!
Қазынамсың!
Адамзат қазынаңнан азық алсын.
Асыл сөз, асқақ рух әуелеген,
Сен деген —
Жігерлі де, нәзік әнсің!

Білмеймін, аянышты сезімнен бе,
Мен кейде ұйықтағанда, көз ілгенде,
Түсімде кездесемін ащы сорға
Сүті ағып бара жатқан боз інгенге.
Салады боз тайлақтай ұлым асыр,
Қосады қоспақ түйе жырыма сыр.
Түйенің бұйдасы мен жүгін алған
Бұл ғасыр бір жағынан ұлы ғасыр.
Көзіңде, аруана, мұң бар, мықтым,
Себебін сен асықпай тұрғанда ұқтым.
Кейіме, ойсылқара, біздің заман
Заманы зымыраған жылдамдықтың.
Бал шұбат аңсатады жиі мені,
Сендегі қайсарлыққа сүйінемін.
Иімей эстрада әуеніне,
Ескі қобыз күйіне иігенің...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Уақыт

  • 0
  • 1

Барасыңдар қай жаққа кетіп бәрің?
Сырт-сырт етіп тоқтамай өкінтті әр үн.
Бір сөз, бір ой, бір демге ұзарыңдар,
Құдіретті, қуатты секундтарым!

Толық

Әке сөзі

  • 0
  • 0

— Жанарынан жау жүзі жасқанатын,
Қадамынан жақсылық басталатын,
Кірлетпейтін замандас жастар атын,
Қуантатын ата-ана — қос қанатын

Толық

Ескі жұртта

  • 0
  • 0

Жол түседі төмен қарай дөңестен,
Өткен өмір...
Шығардық біз оны естен.
Бір кездегі түйе жүрген жерлерде

Толық

Қарап көріңіз