Өлең, жыр, ақындар

Арды тыйып

  • 31.08.2018
  • 0
  • 1
  • 2400
Арды тыйып,
Малды жиып
Көкіректі кең кердің.
Күнде жиын
Көңіл құйын,
Ханға өзінді тең көрдің.

Ақша шашып,
Ханша тасып,
Бос мақтауды төктірдің.
Қос-қос сарай,
Жұмсап малай,
Ысырапты көп қылдың.

Малың асып,
Көңілің тасып,
Тоқал алдың құтырып.
Ас таңдадың,
Шошандадың
Еттің артық күпірлік.

Бауыр демей,
Тәуір демей,
Жақындарды тастадың.
Бөліспедің,
Көріспедің,
Ешбір араласпадың.

Анаң жылап,
Жүрді жырақ,
Бірақ қарғыс төкпепті
Сол анаңнан,
Домаланған,
Тоқал тәтті боп кетті.

Өмір өтті
Уақыт жетті.
Ажал деме "қайдасың?"
Көрге ендің,
Енді көрдін,
Ақиқаттың айнасын

Көмді туыс,
Көңіл қуыс,
Жылап жатты ағайын
Тірі кезде,
Ірі кезде,
Ренжіткен ең талайын.

Келді анаң,
Жылы панаң,
"Құлыным" деп егілді.
Ащы үні,
Реніш, мұңы,
Қимастықпен төгілді.

Тоқалдарың,
(от-ау бәрі),
Жоқтағанын жөн көрдін.
Келмеді олар,
Себеп болар,
Алдында отыр заңгердің.

Мирасты қарап,
Бөлісіп, санап
Қайғырған айтшы, қайсысы?
Көрінде жаттың,
Жаныңа батты,
Қатындарыңның айтысы.

Анаңның үнін,
Естіп ап бүгін,
Еске алдын жырын бесіктің
Тек анан пана!
Тек анаң дара!
Екенін бірақ кеш ұқтың.

Жинаған малың,
Салдырған тамың,
Келмейді бүгін жаныңа.
Иманың ғана,
Болады пана,
Жинаған сауап бағыңа.

Кешегі достар,
Тіріңде қоштар,
Ойынан сені өшірді.
Ақшаның құлы,
Пайдакөз, ұры,
Пердесі бірден шешілді.

Жинаған ақшаң,
Жайнаған бақшаң,
Тоқалда кетті...сорладың.
Анаңа бірақ,
Керегі бір-ақ,
Өзіңнің тірі болғаның.

Амалың нешік,
Жарығың өшіп,
Иманың болсын жолдасын.
Көңілде кірбің
Тек енді білдің,
Кебінде қалта болмасын.



Пікірлер (1)

аноним

жақсы

Пікір қалдырыңыз

Шыбын

  • 1
  • 0

Көптен бері қыбырлап, боп жатқан соң той қамы,
Көйлек тігіп отыр ем, өнерді жиып бойдағы,
Бар ойым мен зейінді мың аударып , сан бұзып
Бір «оңбаған» көк шыбын маза бермей қойғаны.

Толық

Шыдамдымын, бұл шыдамым бір күні

  • 0
  • 0

Шыдамдымын, бұл шыдамым бір күні
Таусылады аяқ асты, біл мұны.
Шыдамдының шыдамымен ойнасаң
Талқан етер бүкіл әлем күлліні.

Толық

Бала махаббат (Әзіл өлең)

  • 0
  • 0

— Кім сені ренжітті, балақай?
— Қалақай.
— Қалақайды қайдан іздеп таптың тағы?
— Анооуу, кепенің артындағы.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар