Өлең, жыр, ақындар

Ант

  • 31.08.2018
  • 0
  • 1
  • 7072
Елбасы:
Тәуекел дедім!
Ант еттім
Тәуелді болып көнбеске.
Құбылаға басты берсем де,
Құлдыққа елді бермеске!
Қандастарымның марқасқа
Сарсаңға басын салмасқа,
Түбегейлі де тұтас боп,
Тұтқанда, қапы қалмасқа!
Кіруге қалың кеңеске —
Кеңессем, тұрар ел есте.
Қарғамау үшін бізді ертең
Бүгінгі туған нәресте!
Жылынып едім шуақтан,
Су ішіп едім бұлақтан.
Бұлақтарымды кірлетпен,
Бұрымдыларымды жылатпан!
Даланың беті — құлпытас,
Құлыншақ тумай, үміт пәс.
Құлдықта көрген қорлығын
Өр рухтылар ұмытпас!
Жәрдем бер, бізге, аспан — көк!
Армандап едім жастан көп —
Азапкер болған халқымды
Айбарлыларға қоссам деп!
Арманға жетер талапты Ер,
Жақсылық берсең, қабат бер.
Сәулетсіз болса — бізге серт,
Ақ бидай өскен абат жер!
Мен биіктерден сөз алсам,
Игіліктермен оза алсам,
Толтырмас арғымақтарымның
Тостаған көзін тозаң шаң!
Омырауы уыз ананың
Алмасам деп ем қарғысын,
Бөрілі байрақ бабаның
Жалғасам деп ем арлы ісін.
Қолымды созсам,
Бірлікпен
Қолдайтын халқым бармысың?!



Пікірлер (1)

Али

Керемет

Пікір қалдырыңыз

Халық әні

  • 0
  • 0

Қазақтың халық әні!
Қазынамсың!
Адамзат қазынаңнан азық алсын.
Үйреткен

Толық

Шілтер

  • 0
  • 0

Сен кеткен соң басталған-ды басқаша ән,
Жүгіреді жылдар шашып шаңға шаң.
Жырларымды көп адамдар тыңдаған,
Ана, сен ғой естімедің ешқашан.

Толық

Түпкі ой

  • 0
  • 0

Мен сені жақсы көрем, қызым, өрен,
Өзіңсің өмірдегі қызық өлең,
Ашылып, не ыңғайсыз жатыр ма деп,
Қараймын түнде тұрып жүзіңе мен.

Толық

Қарап көріңіз