Өлең, жыр, ақындар

Ата жұрт есте

  • 31.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1523
Тәкаппар теңіздері тебіренген,
Көздерім қуанады соны көрген.
Таулары жауларына айбат болып,
Жолдары жондарыңда өрім өрген.
Даласы дана қалпы ойға кеткен,
Қаласы қазынасын айғақ еткен.
Түркия түбегейлі мұратымен
Тарихқа бір нүктені қойған өктем.
Кетуі мүмкін емес құрып түбі,
Сақтапты ұлт боларлық ғұрыпты ұлы.
Мешіттер құдіретті сенім беріп,
Әуен боп әлдиледі түрік тілі.
Өзімнің сағындырды сағым белім,
Тап қазір тәуекел дер шағында елім.
Тілі мен діні есіме түскен кезде
Сыздайды күзгі бұлттай жаным менің?
Жүрегім, сен ауырма, сыздап, тегі,
Сұрасаң, бар түріктің ізгі-ақ тегі.
...Сәлем деп қалды қайран Анадолы,
Қайткенмен бір ұлылық біз жақта еді!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өң мен түс

  • 0
  • 0

Қызыл бидай, ақкүріш,
Қырман боп үйдің ішінде,
Төгіліп тастап жатты ырыс
Түнімен менің түсімде.

Толық

Самайым ерте ағарды

  • 0
  • 0

Самайым неге ағарды білесің бе?
Жүректің тірлік үшін күресінде,
Кем болды қуаныштар үлесімде,
Құлазытқан күндерім жүр есімде.

Толық

Алтыбақан

  • 0
  • 1

Тамаша дәстүрімді халқыма тән,
Жоғалтпай, аялашы, алтын Отан!
Орны боп шын достықтың әуелесін
Үстінен жұлдыз жауған алтыбақаң.

Толық

Қарап көріңіз