Өлең, жыр, ақындар

Қас қыранның ажалы

  • 02.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1632
(Саятшы аузынан)
Құзар шың,
Аслан астынан,
Шабытты ұшқан қас қыран
Ұяға кештеу оралды,
Есесін алып қасқырдан.
Ұшындай болат тебеннің
Қадалды тасқа тегеурін.
Қан соқты орақ тұмсығы
Жүзіндей қырлы егеудің.
Тояттап алған жемсауы,
Секілді жұмыр жер шары.
Биікте қыран сілкінсе,
Бұрқырап ұшты жол шаңы.
Құзар шын.
Шатқал.
Сай-сала
Құпиясын оған айта ма.
Қалғыды қыран жарықтық
Маңында не жүр,
Байқамай.
Бүркіттен мана жасқанып,
Жапсарды жатқан жастанып
Сары балақ үкі
Қыранның
Бұрады мойнын бас салып.
Тағдырдың бұл да мазағы,
Айтылар жыры азалы...
Қиялап ұшқан қыранның
Үкіден келді ажалы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақ жаңбыр

  • 0
  • 0

Күн салқын.
Төкті жаңбыр толасы жоқ.
Қызықсың ғой өмір-ай,
Таласы көп...

Толық

Келемін алуан ойлар ырқыменен

  • 0
  • 0

Абайдың көшесімен бойлап төмен,
Еске алып, талай істі ойлап келем.
Ақынның дана жыры санамызға —
Қалған ғой, қашаннан да орнап терең.

Толық

Тау өзені

  • 0
  • 0

Ағады тау өзені тасып — тулап,
Жатқандай толқындары тасты турап.
Тоғытып батар күннің балғын нұрын,
Жамырап жарысады тасқын шулап.

Толық

Қарап көріңіз