Өлең, жыр, ақындар

Құштарлық

  • 03.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1452
Алатауға қонған бұлт,
Жауып барып ашылды,
Қасқа бұлақ,
Көк өзен,
Шабыттанып тасынды.
Шым-шытырық тірліктен —
Оралған ой басыма
Түн ұйқымды төрт бөліп,
Берекемді қашырды.
Өзіме де сол керек,
Тұла бойым құмарлық.
Құмарлықты мойныма,
Тағып алғам тұмар ғып.
Тымырайған дүниенің құпиясын білсем деп,
Отырамын қылт еткен құбылыстан сыр андып.
Өзімді-өзім алдаймын,
Бір үмітті шырға ғып.
Және соның жолында жүгіремін зыр қағып.
Кейде тіпті жығылып,
Қалатын да жайым бар,
Қым-қуыт боп шатысқан,
Қиялыма шырмалып.
* * *
Құмарлықтың көкесі деп білем тек құштарлық,
Көлге қарай аққулар,
Құштарлана ұшқан жұп.
О, құштарлық,
Құштарлық!
Жап-жас ана бөпесін әлдилейді өбектеп.
Қысқа түннің ішінде үш оянып,
Үш қалғып.
О, құмарлық,
Құмарлық,
О, құштарлық,
Құштарлық!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жат елде

  • 0
  • 0

Өсіппін мен, сонау алыс — жат елде,
Өмір жолы жүріп барып, бұрылды.
Байласам да бұл өмірді қатерге,
Ата жолын қуған екем бұрынғы.

Толық

Асау арна

  • 0
  • 0

Сезімнің өзі де бір асау арна,
Жатпайды ол тығылып тасаларда.
Келер ол көктем болып,
Күй бөктеріп,

Толық

Жауынды көктем

  • 0
  • 0

Осынау жақтың күні ұдайы тұнжырап,
Жадырамай, бұлты неге түр жылап.
Менің дағы қақ айырып кеудемді,
Жарға соғып толқындайды бір бұлақ.

Толық

Қарап көріңіз