Өлең, жыр, ақындар

Жалғыз көкек

  • 17.04.2015
  • 1
  • 5
  • 24565
Жетімсіреп, жем іздеп балапанға,
Жалғыз көкек жүретін жаға талда.
Әлдекімді жоқтайтын күн батарда,
Әлдекімді жоқтайтын таң атарда.
Иесіз қалған, бұзылған тамға барып,
Қонушы еді, қонағын қамдап алып.
Жоқтаушы еді оңаша отырып ап,
Оқшау шетте ұясы, талда қалып.
Сұңқыл үнді сұрша құс, жан - Отанын
Ойландырып тастайтын жаға талын.
Оңашада отырып жоқтаймын деп,
Оятатын ұядан балапанын.
Сұқ саусақтай балапан ес білер ме,
Сұрша құстың сұм даусы есті желде.
Ұясында құттай құс қобалжиды,
Таныс үнді шалғайдан естігенде.
Қайдан білсін, әкесі жем бергенін,
Жем бергенін... Қаршыға өңгергенін...
Қайдан білсін, шешесі шер бергенін?..
Түйір дәндей жүрегі тулап жатыр,
Ұядағы титімдей шерменденің.
Жетімсіреп жем іздеп балапанға,
Жалғыз көкек жүретін жаға талда.
Әлдекімді жоқтайтын күн батарда,
Әлдекімді жоқтайтын таң атарда.



Пікірлер (5)

Айсара

Жалғыз көкек олеңі қандай мағынада жазылған

Медина

керемет өлең

Жаксатова

Мұқағали ағымының өлеңдері терең мағынада әр сөзі жүрек құлшынысымен жазылған!

Амина

Өте керемет өлең маған қатты ұнады. Ұзын сөздің қысқасы өте керемет!!

Пікір қалдырыңыз

Ғасырлар перзенті

  • 0
  • 1

Ғасырлар - Аналар
Әлдилеп сәбиін тербеген.
Қатыгез күн туса паналар
Ер ұлға жерік боп шөлдеген.

Толық

Жасыма, көңіл!

  • 0
  • 5

Жасыма, көңіл, жасыма!
Бақытқа басың кенелер!
Серік боп қиял қасыңа,
Жүлде алып, жүйткіп жөнелер!

Толық

Қасым солай болмаса...

  • 1
  • 2

Дейсіңдер-ау! Қасымның несі басым?!
Қасым солай болмаса, несі Қасым,
«Ақынмын» деп қопаңдап жүргендердің
Әммесінен Қасымның десі басым.

Толық

Қарап көріңіз