Өлең, жыр, ақындар

Сырласу

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1450
Дауылды болды көктемдер,
Жауынды болды көктемдер.
Ақ талдар, мені сөкпеңдер,
Содан ба ерте ағардың.
Соқты бір ұдай ызғырық,
Жанымды аптап шыжғырып.
Маңдайға әжім сыздырып,
Содан ба ерте ағардың.
Алқына соғып қос өкпем,
Қарамай кейде дос өткен.
Жарым деп қара тас өпкем,
Содан ба ерте ағардың.
Жапырақтары сусылдап,
Шақырса да сыршыл бақ.
Қайрылған жоқ ем сыр тыңдап,
Содан ба ерте ағардың.
Анадан көрмей еркелік,
Жалғыздық төсін ерте еміп.
Жалынмен жаным өртеніп,
Содан ба ерте ағардың.
Түсіндім ерте мұң барын,
Мен білмес талай сыр барын.
Мен жетпес зәулім шың барын,
Содан ба ерте ағардың.
Тасқа да соқты бүл жүрек,
Тауға да соқты бүл жүрек.
Жыр іздеп гүлдей үлбірек,
Содан ба ерте ағардың.
Дауылды болды көктемдер,
Жауынды болды көктемдер.
Ақ таңдар, мені сөкпеңдер,
Содан ба ерте ағардың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қайтқан құстар әні

  • 0
  • 0

Күз аспаны қайта-қайта түнеріп,
Кербез дала кемеліне түр еніп.
Ақ қалпағын шекесіне қондырған,
Алатауым ат үстінен шіреніп.

Толық

Көңіліме күй орап

  • 0
  • 0

Көздеп мені атса – дағы қиянат,
Күндеп барып батса да күн қиялап.
Жүреді арман көңіліме ұялап,
Жабырқасам жадыратып күй орап.

Толық

Жалын

  • 0
  • 0

Көңіл — перне абайсыз басып қалып,
Толастады дауыл-күй,
Тасып барып.
Есіліп тұрсыншы бір сол нәзік ән,

Толық

Қарап көріңіз