Өлең, жыр, ақындар

Сәйгүлік

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 3162
Ал, құрбым, көлік дайын, жүр кетелік,
Жолдардан бізді күткен бірге өтелік.
Алатауым — ақ отау мың сан қонған,
Көгілдір сағым биік тұр көтеріп.
Ән-күйдің, төгілдірген жырдың селін,
Көргенше біз асықпыз Сырдың елін.
Ағайын, дос-жарандар арасына,
Жеткенше алып-ұшып тұр жүрегім.
Зымыралық ақ құспен асулардан,
Кеудемде бұлақтайын тасулы арман.
Туған ел алақанда аяласа,
Көңілге келсін титтей жасу қайдан.
Туған дала тыныстар қолтығы кең,
Кеудеме мол сағыныш толтырып ең.
Құм – белдердің жарысып құйынымен,
Тербелейік Сыр ерке толқынымен.
Құшағын Сыр дал асы жайды бүгін,
Шалқиық шалқарында байлығының.
Кетейік көк белесте көсілтіп бір,
О, жігіттер, қайда әлгі сәйгүлігің.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сағынышпен ойға алдым

  • 0
  • 0

Жағасына сәл кідіртіп Сайрамның,
Елес сынды өте шықты,
Қайран күн!
Сұлу Сайрам тұнығынан өмірге —

Толық

Серпілу

  • 0
  • 0

Мен жүрмін Алатаудың құшағында,
Қаласам,
Қияндарға ұшамын да.
Қаласам,

Толық

Көз жасы

  • 0
  • 0

Көзден тамшы домалайды бұршақ па,
Көңілге мұң оралады бұл шақта,
Болады екен бір жетіссіз әркімде,
Ауызбенен құс тістеген болсақ та.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар