Өлең, жыр, ақындар

Есіңе ал

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1882
Есіңе ал, мұңайған сол шақтарыңды,
Есіңе ал тұнып қалған бақта гүлді.
Еріксіз әсем кеткен есіл күн–ай,
Шағайын әкел бермен шақпағыңды.
Жылдар–ай, өтсең–дағы ойнақтатып,
Қалқисың ғой таңдайда қаймақ татып.
Мана тұрған жарық ай төбедегі,
Кетті ол да тұңғиыққа жайлап батып.
Қырлар–ай, көсілдірген сәйгүлікті,
Салдырған ба шын асау жай құрықты.
Бұлқынған асаудайын қайран көңіл,
Бұл күнде әр нәрседен шайлығыпты.
Сан рет тарқатылдым, ширатылдым,
Сан рет шайқалдым да сырға тұндым.
Дауылыңнан екпінді, еңселеткен,
Тебірендім, теңселдім, ырғатылдым.
Көк жиек шалғайы көз бұлдыратқан,
Қайда әлгі күміс күлкі сыңғыр қаққан.
Келе жатыр көп күткен арманымдай,
Қағып тастап қабағын мөлдір ақ таң.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көктем әуені

  • 0
  • 0

Есті де көктем самалы,
Желпіп бір өтті даланы.
Құстарын күткен тауларым,
Сүзіліп көкке қарады.

Толық

Батырлар ауылы

  • 0
  • 0

Мынау тұрған —
Ауылы ма Батырдың,
Асқақ ардың,
Парасаттың, ақылдың.

Толық

Көңілде көп қой

  • 0
  • 0

Көңілде көп қой ой да, алаңым да,
Өзіндік әуен жатыр әр ағында.
Жасың емес өртеген өзегіңді,
Жанайын ұшқын болып жанарында.

Толық

Қарап көріңіз