Өлең, жыр, ақындар

Күй

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1873
Сөз етіп жүрген мен жоқ ішкен шайды,
Шерт, күмбірлет, төгілдір "Кішкентайды"
Алакөлден қиқулап аққу ұшып,
"Кішкентайдан" тарқасын іштен қайғы
Үзілдір домбыраны сағағынан,
Күй дегенің ғажап бір сел ағылған.
Құйындат құба жонда "Жезкиікті",
Қайтадан жасарсын бір дала жырдан.
Көмейден "Бұлбұл" үнін төгілдіріп,
Кетсін де "Кісенашқан" егілдіріп,
"Алатауды" күмбірлет, "Алатауды",
Қарасын дүниеге көңіл күліп.
Жосылсын сылти басып "Ақсаққұлан",
Жүректі тулатқанмын баста-ақ бұған.
Жүйріктің жүрісіне желдей ескен,
Жаным–ау, керек екен асқақ шығам.
Күй еді бұл неғылған еңіреген,
Көзімде жас, теңіздей тебіренем.
Біресе бұра тартып сергек сезім,
Күй сырына толқиды көңіл ерен.
Құлан мен қиял бірге жосылғандай,
Құз қойнау қоса шулап қосылғандай,
"Қайран шешем" қабырға қайыстырдың,
Бар еді сырың тағы тосын қандай.
Кешікпей келтіріңдер "Құдашаны",
Көңілді құдашасыз кім ашады.
Керілген кермаралдай керім сұлу,
"Келіншекпен" бұл отау ұнасады.
Көңілді баурап алды күй дегенің,
Күй сырына дәл бұлай күймеп едім.
Күй емес, бұл халқымның шежіресі,
Күй сүймесең, өмірді сүймегенің.
* * *
Мен тұншығар тұңғиық па,
Қара көзің, қалқам-ай.
Қамалғандай сыр тұйыққа,
Кетер ме шер тарқамай.
Мен жүзетін айдынбысың,
Ақ тәсілді аймалап.
Әлде бақыт, қайғымбысың,
Өте-тұғын қайдалап.
Біреу өлең арнайды екен ұлым деп,
Ол дегенде көзіңде нұр күлімдеп.
Қос қарлығаш, қос қанатын ұшатын,
Өздеріңе ақтаратын сырым көп.
Қос жанарым, мәпелеген гүлім деп,
Сендер үшін күнді оздырам біртіндеп.
Сендер үшін ақ танды да атырып,
Жүрегімді келем оймен тілімдеп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түнгі шумақтар жүрекпен сырласу

  • 0
  • 0

О, жас жүрек,
Шалқыған шалқармысың,
Тулатасың кеудемнің шалқар күшін.
Әр толқының жатқандай

Толық

Сүйінші

  • 0
  • 0

Ұлы Отанның аралап қиыр шегін,
Көкірегінде лапылдап сүю, сенім,
Келе жатыр көктемің жарқын күліп,
Сүйінші бер,

Толық

Құм суреті

  • 0
  • 0

Қиыр-қиыр, қиыр құм,
Сұр жыландай иір құм.
Қадау-қадау сексеуіл,
Буын-буын бұйырғын.

Толық

Қарап көріңіз