Өлең, жыр, ақындар

Өкінішке оранып...

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1651
Адамның тірлікте
құмарта өпкені,
Көл-көсір дүние
гүл атқан көктемі.
Ақ жатса жазылмай,
дәптердің беттері,
Өкінішке оранып,
бір күннің өткені.
Күлкіден жүрген жоқ
айналып бұл басым,
Кешпеген сапарлар
күтеді көп мені.
Кейбіреу көңіл тоқ,
бүтін боп шекпені,
Өмірдің азабын,
ащысын шекпеді.
Кейбіреу кергиді,
қас сұлу өпкені.
Одан тыс еш қызық,
еш арман жоқ па еді?
Тігілген отау үй,
осынау шеткері,
Жылдардың, жырлардың,
жастықтың өткелі.
* * *
Аңқау бота, абайламай шоқ бастың,
Орны қалай толар енді жоқ тастың.
Алабұртқан асау сезім бір кезгі,
Бұрқылдайтын бұрынғыдай жоқ тасқын.
Асылымды неге-неге тот бастың,
Аяулыммен неге еріксіз қоштастым.
Оралмады қос шекке нәзік күй,
Пернелерін домбыраның көп бастым.
* * *
Екі келмен өмірге, бір-ақ келем,
Арман — асу, ол әлі жырақ менен.
Сол асуға дауысымды жеткізсем деп,
Домбыраның құлағын бұрап келем.
Бұрап келем құлағын домбыраның,
Естіліп тұрсыншы деп сол бір әнім.
Арман қуған қиялшыл қайран көңіл,
Белгісіз қайсы арада болдырарың.
Белгісіз қайсы арада жетерім де,
Келемін алуан ойлар жетегінде.
Япыр-ау, сағыныш боп оралмас па,
Ойнамас па күлкі боп от ерінге.
Маңдайға біткен аздап, бар талайым,
Өмірден тиген еншіні, арқалайын.
Жастық дейтін думанды базар болса,
Қыздырайын дүкенін, тарқамайын.
Тұнығын ішкенім жоқ тауысып анық,
Саумал жыр ұсынайын алшы қанып.
Берейін еркіндікті он саусаққа,
Домбыра шанағынан ән шығарып.
* * *
Дүние-ай, көремін де кеңдігіңді,
Өткерем сапар шегіп кемді күнді.
Қорғасын түн ойымды қоюлатса,
Арай таң күтеді ұдай сергуімді.
Сен, рас, сол мінезді ескердің де,
Сыйладың от құшағын кештердің де
Сыйыңды өзің берген суытып ап,
Білмеймін, орныма кеш келдім бе.
Бермейді маған маза шіркін жүрек,
Ал бірде ішің алау, сыртың жүдеп.
Құдайы қонақ емен бұл өмірге,
Келгем жоқ кету үшін бір күн түнеп.
Құс ұшады кеудемнен дүрлігеді,
Кейде бір дауыл ұйытқып, нұр күледі.
Алмастырған орынын күлкі мен мұң,
Түсініп болмас неткен тірлік еді.
* * *
Елең қылма оның бәрін,
Кей көкірек өр келер,
Дауылға ұшып еккен дәнің,
Жаның күйіп өртенер.
Тыңда соның нәзік әнін,
Кей көкірек шер төгер.
Бұл өмірдің жазы жалын,
Сүрлеу, соқпақ, өр кемер.
Гүл сыйлады үлбіреген,
Менің балғын көктемім.
Шайпау мінез бұл дүниеден,
Қасіретті аз өппедім.
Қыс сыйлады қысылсын деп,
Ақ боранын орандым.
Өмір мәнін түсінсін деп,
Бақытым, кеш оралдың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кешкілік

  • 0
  • 0

Кешкілікте ауыл үсті мұнартып,
Көлеңкелер кетті бойын ұзартып.
Қызыл белбеу байланды да көк жиек,
Мойын созып тұрды қарап құзар тік.

Толық

Сырымды айтам

  • 0
  • 0

Сенен өзге —
Жақынды мен таппадым,
Содан болар шаужайыңа қақпадым.
Сұлу аттай сүзілдіріп жалынды,

Толық

Серпілу

  • 0
  • 0

Мен жүрмін Алатаудың құшағында,
Қаласам,
Қияндарға ұшамын да.
Қаласам,

Толық

Қарап көріңіз