Өлең, жыр, ақындар

Қазақтың елі

Қазақтың жырын қазақ қана жырласын ,
Өмірлік төзім өмірлік жыры тұмған соң.
Мың ғасыр елі ерлікпен қанммен қорғаған ,
Қазақтың ұлы алаштың күні сөнбесін.

Байрақты елім Сақ пенен Ғұннан тараған ,
Шырылдап елім аштықта соғыс жол алған .
Мыңдаған ғасыр елі де жері аман да,
Сол жайлы жырды тақырып қылып тұр балаң.

Ер түрік балаң Шыңғыс хан құрып жол алған ,
Бейбарыс алып Еуропа құрған құл балаң .
Жəнібек , Керей тұғырлы қазақ ту салған ,
Мың жылы жырлап қазақтың қаны бұл жанған.

Абылай бала зеректі зертпе
тұғырда ,
Қазақтың жолын алғашқы салған оң жолдан.
Əйтеке, Қазыбек, Төле де оған көмекші ,
Қазақтың басы жаңа күн туған тұғырдан .

Аспалы төкпе қазақтың жаны жалғанған,
Азатты қазақ ауыр жол өтіп өң толған.
Аштықты , қорлық қыйындық тағы көрсе де.
Туымда барақ елдігін əлі бермеген.
Қазақтай елді əлемде ешкім көрмеген,
Таласып қырды жегідей жегіп жан жақтан,
Бөрілі қасқыр алдырмай елін келеді
Аман бол қазақ аман бол мəңгі сенімен,
Алаштың ұлы қазақтың ұлы келеді...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қалың өлең

  • 0
  • 1

Айтпас күннің ақындары жастықтан,
Сыбырлатып астарынан үн қақты .
Шырылдатып шынжыр сөзді үзетін ,
Ақындардың көзін құртар күн тапты.

Толық

Қарап көріңіз