Өлең, жыр, ақындар

Кешкілік

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1198
Кешкілікте ауыл үсті мұнартып,
Көлеңкелер кетті бойын ұзартып.
Қызыл белбеу байланды да көк жиек,
Мойын созып тұрды қарап құзар тік.
Кешкілікте ауыл үсті бір қызық,
Бұлт кемесі көкжиекте жүр жүзіп.
Келе жатты бір салт атты тосыннан,
Ауыл итін абалатып, үргізіп.
Кешірсе де ауыл үсті арайлы,
Әжем малын дөңге шығып қарайды.
Елегізем мен де үйде бейуақыт,
Көңіл шіркін әлденені қалайды.
Кешкірсе де ауыл үсті түтінді,
Кейбір үйлер қонағына күтінді.
Қол ұстасып бара жатты екі жас,
Сыр айтысып тауысуға бір түнді.
Осы кеште кейбіреулер телміріп,
Сәби келді үйге бақыт ендіріп.
Енді біреу демін алмай сұлқ жатты,
Шырақ отын біржолата сөндіріп.
Осы кеште даусым алғаш естіліп,
Осы ауылда өсіппін мен, ес кіріп.
Сондықтан да ең сүйкімді бәрінен,
Туған ауыл үстіндегі кешкілік.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұйқыдан теңіз оянып

  • 0
  • 0

Жаздың жайлы бір кеші еді,
Жағаны ымырт жайлаған.
Сусылдап толқын еседі,
Жұпар иіс бүркіп айналам.

Толық

Қимайды көңіл...

  • 0
  • 0

Біреуге ерте бұл ажал,
Біреуге кештеп келуде.
Білмесең де, өмірде
Қимайды көңіл өлімге...

Толық

Жайқоңыр

  • 0
  • 0

Жайқоңыр әннің аты жайма-шуақ,
Кеткенсің қайран өмір,
Қайда шуап.
Әнші Естай,

Толық

Қарап көріңіз