Өлең, жыр, ақындар

Ойлар

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1500
Түн ұзақ, аунақшып жатырмын,
Жұлдыздар сирексіп қалыпты.
Жат бопты-ау, дегенім жақынмын,
Бұл жаным бәрінен жалықты...
Жымисаң күлді деп сенгемін,
Кім білсін, күлкіңнің ызғарын.
Көкейге бір тыныс сен бе едің,
Тым биік көрінген құздарың.
Түсіндім күлкіңнің астарын,
Бұл жаным жиренді сенен де.
Сен мені үркіте жасқадың,
Айтшы енді, басқаға сенем бе?
Сонда да жүргем жоқ жауығып,
Келме де, көңілімді сұрама.
Кетермін осыдан сауығып,
Ал, өлсем, жылама.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сайрам

  • 0
  • 0

Асығып бұлттар жөңкіді,
Көтеріліп құздардан.
Төменде Сайрам мөңкіді,
Соғылып, қайтып тік жардан.

Толық

Қосмола

  • 0
  • 0

Көргенде Бөгем таудың Қосмоласын,
Өткен өмір шежіресін жастанасың.
Әлде кімге
Сездіріп аяушылық,

Толық

Өрлік өлеңдері

  • 0
  • 0

Бойда қуат, білекте күш барында,
Шек болмас жүрегімнің құштарында.
Менің де жырдан соққан қамалым бар,
Ала алмас қаруланған дұшпанның да...

Толық

Қарап көріңіз