Өлең, жыр, ақындар

Дос туралы

  • 06.09.2018
  • 0
  • 2
  • 17134
1
Достың сөзі жалынды,
Достың сөзі нанымды.
Аярмысың дос үшін,
Ақырғы үзім наныңды.
Айтады дос шындықты,
Көзіңнен жас ағызып.
Айтар қасың сұмдықты,
Тілінен бал тамызып.
Келсең досты шақырып,
Кетеді ол күлдіріп.
Қастың ойы қапырық,
Сау көңілді бүлдіріп.
Ақ көңіл жан әсте мен,
Қасым да бар, досым бар.
Сыйлаймын мен аспенен,
Мейлі, уды тосыңдар.
Ұққан ұға жатады,
Ұқпаса не айтты дер.
Дос қайғысы батады,
Батпас маған қатты жер.
2
Досы үшін бармын мен,
Сау жүрегім, сау денем.
Қасым үшін — жармын мен
Құлап түскен көлденең.
Жоқ қой, әттең, қайтадан,
Өлең болсаң тірілу.
Адамдарға байқаған,
Бірі жақсы, бірі қу.
Сөз дарымас адам бар,
Кетсем соған сезім боп.
Жаныңды ұқпас надандар
Жақсыларға сөзің жоқ.
Жақсы болу қиын іс,
Он есе оңай арсыздық.
У берсе де құйып іш,
Іше алмасаң әлсіздік.



Пікірлер (2)

Котик

Молодец

Тұрсын

Молодец

Пікір қалдырыңыз

Қимайды көңіл...

  • 0
  • 0

Біреуге ерте бұл ажал,
Біреуге кештеп келуде.
Білмесең де, өмірде
Қимайды көңіл өлімге...

Толық

Шын мықтылар

  • 0
  • 0

Бұл жақсы, дейтіні жоқ жаман ақын,
Жұрт біледі, Ақындар жамағатын.
Әркім-ақ өзін мықты санар бәлкім,
Шын мықтылар

Толық

Туған жердің бұлағы

  • 0
  • 1

Толқыны асыр салған бағы қырда,
Керемет бұлқыныс бар ағынында.
Соқтырған жүрегімді қанымдайсың,
Тулаған алпыс екі тамырымда.

Толық

Қарап көріңіз