Өлең, жыр, ақындар

Күй қанаты көктемгі

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 3142
Елеңдеймін дүбірге құлақ түріп,
Дүрліктірді даланы бұлақ күліп.
Күй қанатын сермеді көктем өзі,
Домбырасын дамылсыз бұрап тұрып.
О, көктем, арусың да, еркесің де,
Дірілдейді қызғалдақ жер төсінде.
Ақша бұлттар мінгесіп бара жатыр,
Алатаудың ақ жалды өркешінде.
Көктем көңіл қосылып алабұртып,
Көңілсіздік қым-қуыт барады үркіп.
Шырқауға шығып алып шарықтаған,
Көңілім менің кәдімгі бала бүркіт.
Сұлулығын сүйем ғой бұл өмірдің,
Мен де жыршы құсымын гүл өңірдің.
Түкпіріне титімдей жүрегімнің
Шіркін, көктем өлең боп күле кірдің.
Құстар да келді қайтадан,
Айнала қалды жарасып.
Аққайың шулап айтады ән,
Қырқадан жолдар әрі асып.
Бұталар нәзік бүр ашып,
Гүл жапты мақпал өңірді.
Құшағын дала тұр ашып,
Даламыз қандай көңілді.
Сонау бір биік белестен,
Бұлақтар аққан көсіліп.
Сап-салқын кеште жел ескен,
Көктемің келді көшіріп.
* * *
Ұнатам шуға толы көктем айын,
Ұнатам бояғанын көкке қайың.
Ұнатам дала гүлмен құлпырғанын,
Ұнатам сөнбес нұрлы күн тұрғанын.
Ұнатам жапырақтың гүл ашқанын,
Ұнатам тұрса бұлтсыз күз аспанын.
Ұнатам ер дауылды теңіздегі,
О, жаным, теңізбенен егіз бе еді.
...Жете алмай отырмын ой заңғарына,
Қызығамын бұл өмір заңдарына.
Өмір өзі мейірлі карт бағбан,
Миуасын төгетін жан-жағына.
Кімге жаны құшақ жайып ұмтылады,
Кеудеме отты тұнық түн құлады.
Шіркін-ай, көңіл неткен дәмеленгіш,
Бір ауыз сөзге жасып құлпырады.
Көп жылдар бұл көңілді тот басқандай,
Енді шалқып отырмын отты аспандай
Сені иіскеген маңдайым ұйықтатпайды,
Түніменен жаныма от басқаңдай...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тобық

  • 0
  • 0

Жанымды жастай егілтіп,
Жеңгелер мұңын көп ұққам.
Махаббат жырын төгілтіп,
Сыр шерткен құйттай тобықтан.

Толық

Дәуір мен ақын

  • 0
  • 0

Үніңменен үнім тектес жаралған,
Сен шомылған шұғыладан нәр алғам.
Жапырақтай жүрегімде сан арман,
Тереңнен ой тербетеді әр алуан...

Толық

Ұсул

  • 0
  • 0

Біле тұрып мол сиқырын ұсулдың,
Аяулы жан, неге сонша қысылдың.
Бұратылған биің менен ақынға,
Ұйғырымның сый-құрметін ұсындың.

Толық

Қарап көріңіз