Өлең, жыр, ақындар

Күз

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 12181
Ақ қайың төкті суға жапырағын,
Шымырлап беті күліп жатыр ағын.
Мынау дүние сабырлы түрге еніпті,
Күз жайлап жерімнің кең атырабын.
Бұлт жүзді айдын көлде алашабыр,
Жалт ете қап толқынға тараса нұр.
Алтын жапырақ қайыңнан құлап жатыр,
Өрнек сап су бетіне тамаша бір.
Дегені ме кетпесін өкпек өтіп,
Құстар да қалыпты ғой шетке кетіп.
Ажарын сұлу жаздың тайсалдырып,
Томсартыпты гүлдерді өкпелетіп.
Даланың сарғыш тартып атырабы,
Күз тырнағын гүлдерге батырады.
Өмірдің өзі-дағы далаға ұқсас:
Көктем күліп, күз ойлы жатыр әне.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қаратал әсерлерінен

  • 0
  • 0

Ел екенбіз ежелден-ақ туысқан,
Кезі бар ма арамыздың суысқан.
Салты менен қалпы бірге ағайын,
Нарын мен ет —

Толық

Еске алу

  • 0
  • 0

Еске алсам сол бір кезді жан сезімім тулайды,
Дірілдеген көл жағасы, бұлбұл үні, түнді айлы.
Кірпігіме жас үйіріліп, мұңаямын түсім бе ол,
Қанша алға өтсем-дағы сол күн қайта тумайды

Толық

Жыр - мұнара

  • 0
  • 0

Қадырың асқан туыс,
Құрбыңа да,
Басында қабіріңнің тұрмын, Ана!
Отыз жыл ортаға сап оралғанда,

Толық

Қарап көріңіз