Өлең, жыр, ақындар

Үнсіз ылғи қарайлап

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1164
Айнадай беті жалтырап,
Алысып ойнап айменен.
Жапырақ жүр қалтырап,
Толқында жүзіп жайменен.
Нұрға толы су беті,
Толқындар шулап шетінде.
Аспанның әсем суреті
Кестеленіп бетінде.
Жатыр әне көл тұнып,
Сабасында көлгірсіп.
Самалмен ойнап желпініп,
Майда толқын келді ыршып.
Келді тағы секіріп,
Толасы жоқ толқындар.
Мазасын түннің келтіріп,
Шуландар да, толқындар.
Үнсіз ғана қарайлап,
Отырдым бірде кешкілік.
Тіл қатқандай бар аймақ,
Тұрды бір күй естіліп.
Тағы да тұрмын жағада,
Сыр аңдып толқын үнінен.
Ұқсайды ақын ағаға
Осынау ойшыл түрімен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

От ішіндегі гүл

  • 0
  • 0

Әнменен күй шалқып кеткен
шаттық толы шартарап,
Бойжеткендер би билейді
от құшақта шалқалап.

Толық

Соқшы, самал

  • 0
  • 0

Соқшы, самал, дірілдетіп, сыбдырлатып
жапырағын ағаштың,
Көгілдір көк жүзіндегі ақша бұлттар
әрі ассын.

Толық

Кезіп келем...

  • 0
  • 0

Кейде бұлт, кейде дауыл, кейде жаңбыр,
Тыныштар күні бар ма, мына жан бір.
Отырсам үйім қапас, ішім алау,
Дей ме әлде,

Толық

Қарап көріңіз