Өлең, жыр, ақындар

Ақынға

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1821
З.Ш. - ға арнаймын

Жол тартсаң ұзақ сарылып,
Тербеліп тымық теңізде.
Жүргенін сәулең сағынып,
Еске ал да, ақын, мені ізде.
Теңізден сонау аулақта
Естілсе талып ән саған,
Есіңе алып әр уақта,
Дос бар де сені аңсаған.
Білемін, жаның жасқанып
Дауылдан, сірә, қайтпасын,
Жат жаны сені жастанып
Суық сөз жатың айтпасын.
Оқ аттың ажал-өлімге,
Ал, көктем гүлін көтерсін.
Толқынды теңіз өрінде
Жыр шалқытып өтерсің.
* * *
Ару дала, ақ дала, дарқан дала,
Нұр — шашың ба өрілген арқанда ана.
Мен сенің от баурында өскен жанмын,
Басылады құштарым барсам ғана.
Бойыңды сен паң ұстап керілесің,
Шынар болып жаныма өрілесің.
Басылмайды өзіндік іңкәрлығым,
Қашанда көзіме оттай көрінесің.
О, менің торғын көрпе, жасыл далам,
Күнің бар ма құшағың ашылмаған.
Мен сенгі кезіп жүрген самалыңмын
Дауыл жаны бұрқырап басылмаған.
Күнің бар ма сен мені түлетпеген,
Күнім бар мен сені жыр етпеген.
Тыңдаймын ғой әніңді, жырлаймын ғой,
Нәзік, сезгіш ақындық жүрекпенен.
Сенсің ғой, мына мені ақын еткен,
Мінезім бар өзіңдей батыл-өктем.
Қазағым ерттеп мінген тұлпарсың сен,
Үстінде сан батырлар шалқып өткен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Саусақтан күй төгілдір

  • 0
  • 0

Шертші, қызым, саусақтан күй төгілдір,
Жазғы аспандай жадырасын көңіл бір.
Қасірет болса оны кейін шегіндір,
Көрейінші көк теңіздің шегін бір.

Толық

Орман

  • 0
  • 0

О, ну орман, жақсы орман,
Ғасырлармен жасты орман.
Жаралдың ба, кім білсін,
Ұшқыр қиял, ащы ойдан.

Толық

Көгершіндер

  • 0
  • 0

Көгершіндер, көзіме ыстық көрінген,
Келдіңдер ме, менің шалғай жерімнен?
Келдіңдер ме, шын сезіммен берілген,
Көкірегіңнен өнің ыстық төгілген,

Толық

Қарап көріңіз