Өлең, жыр, ақындар

Дала қыраны

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2984
Сәлем бердім асығып,
Армысың жонды Жоңғарым.
Биікте жатыр асылып,
Тарамдалған жолдарың.
Бала боп кеттім қасында,
Аспан мен шындар тілдескен.
Ыстық қой маған тасың да,
Жан-құрбыдай бірге өскен.
Әлде недей тіл қатты,
Тау іші бір сәт күңгірлеп.
Белесте оқшау тұрды атты,
Күй төкті маңай күмбірлеп.
Сол әнді бейне дала паң,
Тыңдайды ұзақ ұйып қап.
Қиядан ұшқан балапан,
Кеткендей болды ұйықтап.
Жанына жуық таядым,
Биікте жігіт тұр әне.
Сүйене түсіп таяғын,
Даланың қас қыраны!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Еркелеймін

  • 0
  • 0

Мынау ауыл Жуалының төрі екен,
Қонған жері Қаратаудың өрі екен.
Келген бетте кең пейілін жайып сап,
Қонақтарды қарсы ап жатыр Жұрекең.

Толық

Дәрігер

  • 0
  • 0

Түн ұзақ бей-жай көңілім,
Сарғаймай бұл таң атты ма.
Шырымын алмай көзінің,
Сазарған науқас жатты да.

Толық

Аласа

  • 0
  • 0

Айтпа, бауырым, үйінді аласа деп,
Бұл маңда биік үйлер бар аса көп.
Жаның биік болғасын барлығынан,
Дос-жарандар түсеміз таласа кеп.

Толық

Қарап көріңіз