Өлең, жыр, ақындар

Жат елде

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1098
Өсіппін мен, сонау алыс — жат елде,
Өмір жолы жүріп барып, бұрылды.
Байласам да бұл өмірді қатерге,
Ата жолын қуған екем бұрынғы.
Тілегім шын орындалды, сендемін,
Азап жылдар қалды артта бұлдырап.
Мен тегінде зор үмітке сенгенмін,
Кеше ғана арман еді-ау, бүл бірақ.
Кезетінмін тау-тасыңды аралап,
Қиялменен қалсам бір сәт кезіге.
Тағдыр менің жүрегімді жаралап,
Болып еді, көп мұң айтқан кезі де.
Көргендерім енді міне ұмыт боп,
Белесі көп өмір жолы басталды.
Сан армандар құшақтайды күйіп кеп,
Шуақ күндей жадыратқан аспанды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сағынышпен ойға алдым

  • 0
  • 0

Жағасына сәл кідіртіп Сайрамның,
Елес сынды өте шықты,
Қайран күн!
Сұлу Сайрам тұнығынан өмірге —

Толық

Хаттар

  • 0
  • 0

Кездерімде көп қағазды ақтарған,
Көрем ұдай бір жылылық хаттардан.
Естігендей болам күлкі сыңғырын,
Сағындырған сонау тәтті шақтардан.

Толық

О, толқынды теңізім шағалалы

  • 0
  • 1

О, толқынды теңізім шағалалы,
Жетсе деймін жанымның саған әні.
Дауылыңнан мен емен ығысатын,
Шырағымды сөнбейтін жағам әлі.

Толық

Қарап көріңіз