Өлең, жыр, ақындар

Көңіл құстары

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1573
Ұшырып көңіл құстарын,
Отыр ем үнсіз күрсініп.
Толқып бір өтті күшті ағын,
Жүрегім қалды ұмсынып.
Көңілдің қою арманы,
Ән салды нәзік сызылып.
Тыншыған сезім ол-дағы,
Жалғанды бір сәт үзіліп.
Қыр гүлдері албырап,
Билеп тұрды ырғалып.
Жабағы бұлттар жалбырап,
Түсуге шақ тұрды анық.
Менің мынау от кеудем,
Жыртық бұлттан аумайтын,
Найзағай жарқ-жұрқ еткенмен,
Нөсерлете жаумайтын.
Кейде бұлтқа тығылып,
Ай толықса аунайтын.
Қайта тұрып, жығылып,
Сәбиден көңіл аумайтын.
Арайлы ғажап қыр таңы,
Қараймын көз талдырып.
Жиырма тоғыз қырқаны,
Өтіппін артқа қалдырып.
Ұшырған көңіл құстарым,
Зымырай ұзап өтіпті.
Тепкілеген күшті ағын,
Мені шыңдап кетіпті...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дәрігер

  • 0
  • 0

Түн ұзақ бей-жай көңілім,
Сарғаймай бұл таң атты ма.
Шырымын алмай көзінің,
Сазарған науқас жатты да.

Толық

Ар жүгі

  • 0
  • 0

Басына Естай ақын бардым міне,
Адамға жеңіл ме екен ардың жүгі.
Естайдың Жайқоңыры желе-жортты,
Батқандай арқасына жардың мұңы.

Толық

Үнсіз ылғи қарайлап

  • 0
  • 0

Айнадай беті жалтырап,
Алысып ойнап айменен.
Жапырақ жүр қалтырап,
Толқында жүзіп жайменен.

Толық

Қарап көріңіз