Өлең, жыр, ақындар

Жартас

  • 07.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1379
Қара жартас, мелшиіп тіл қатпайсың,
Толқындарды кеудеңде тулатпайсың,
Сен неге кілт өзгердің, біле алмадым,
Тек қана үнсіздікті құндақтайсың.
Төңкерілген тұнық көл қайда кеткен,
Сыбырлайды жел ғана майда леппен.
Сен ғана жадырамай түйілесің,
Қарашы қырда көктем, сайда көктем.
Бұл маңайға мен бұрын келіп ем бір,
Жалғыз қайың тасыңнан көріп ем бір.
Қына үстіне үлбіреп қонақтаған,
Нәп-нәзік гүлдеріңді теріп ем бір.
Қайда кеткен, сол кезгі сұлулығың?
Күн аямай төкпеп пе еді жылулығын.
Өзіңе ұқсап көңілім жүдеп қалды,
Қиын екен тасында түру бүгін.
Ақ қайың да жоқ енді сыбырлаған,
Бақытыңды кім сенің шын ұрлаған.
Келіп тұрмын, мен аңсап сол қалпыңды,
Келіп тұрмын, жүрекпен суынбаған.
Қайтармын мен, қалжырап ізімменен,
Жалғай түсіп үмітті үзілмеген.
Таңырқадым, бірақ та біле алмадым,
Біле алмадым, түнерді жүзің неден...
* * *
Жасыл бетте мал жусап мамырлаған,
Дабыр-шуды неліктен маң ұрлаған?
Самал баяу еседі, самал баяу,
Басқа дүние осы сәт дамылдаған.
Гүл теңізі айнала ырғатылған,
Ақын дүние бүл неткен жырға тұнған.
Шатқал шулап бұралған бұлақ жатыр,
Жалығар ма дала оны жырлатудан.
Көкжиекті жастанып тау қалғыпты,
Өзен үні түндегі тау жаңғыртты.
Жас балауса иісі мұрын жарып,
Тоса қалады алдыңа саумалдықты.
Жым-жырт түн. Осынау қалпың қызық
Кім айтар, дала сырын қыз ұқпаған...
Жетпейді тіл құдіреті, толғантса да,
Сөз маржанын берер ем тізіп саған.
* * *
Қайда, қайда бұл көңілдің тынышы,
Жарылардай жүрек неге тарылдың?
Жатыр әне ел ұйқыда, түн іші,
Сен ғана ояу, нені іздеп сарылдың.
Терезеге неге, неге қарайсың?
Ой салмаса саған егер бұл тұрыс.
Кірпік қақпай жанарыңды қадайсың,
Сен ғана ояу, басқа дүние тым-тырыс.
Жалғыз қайың жар шетінде қалғиды,
Жапырағын желпімейді жел бүгін.
Мазасыз құс әлде қайдан қарғиды,
Сыбдырлатып, майыстырып жер гүлін.
Әдемі екен жаздың түні ақ тымық,
Күлкі, назбен қайнап жатқан бір өңір.
Көп көлеңке өтіп кетті аптығып,
Күнде осылай қызығы мол бүл өмір.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тірілер келеді

  • 0
  • 0

Боташым келеді сағынып,
Достарым келеді сабылып,
Келеді күніне қаншасы
Көп сырын көзінен жан ұғып.

Толық

Той толғанысы

  • 0
  • 0

Мәңгілік даңққа бөлеп сүйікті елді,
Асты, әне,
Өмір көші биік белді.
Партия сарқылмайтын мол шуағын

Толық

Шымылдық

  • 0
  • 0

Ғажабын-ай, самал ескен іргенің,
Жұпар иіс бүркеді ғой бір керім.
Алты қырдан аттан түсіп аялдап,
Ауыл жаққа қысыла қарап тұр "келін".

Толық

Қарап көріңіз