Өлең, жыр, ақындар

Ана тілім!

Ана тілім, байлығымсың, жанымның,
Мен өзіңнен, жаратылған қаныңмын.
Қорғаным сен, деп білемін өзіңді,
Бойымдағы, намысыммен, арымның.

Ана тілім, өзің барда шарықтап,
Қыран құстай, ұшам көкке қалықтап.
Айдарыңнан, самал желі ескендей,
Ана тілім, дамый бергін қарыштап.

Ана тілім, сөйле, мәңгі сөйлегін,
Мен өзіңдей, мен өзіңдей, ойлы едім.
Қажымастан мына мәңгүрт заманда,
Биіктеумен, бійіктерге өрлегін.

Ана тілдің ұғынады жайын кім.
Тілім десе, жүрегімде, уайым мың.
Ана тілім, өлетұғын болса егер,
Мен, дәл қазір, жан беруге дайынмын.

Бастан кештің талай нәубет дүлейді.
Күндер өтті, қыйын заман үрейлі,
Құрсауынан, бұғаулардан, босанған.
Ана тілім қайта енді түлейді!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер