Өлең, жыр, ақындар

Ұлылардың ұрпағы

Көрінгенге үлеспей жүлдеңді ауыр,
Құқығыңды бұл күнде білген тəуір.
Шетелдіктер шетінен шіренеді,
Мазақ қылып өзіңе күлген бауыр.

Шіренеді өзгелер, шіренеді несіне,
Ілестім деп, марқая ма көшіме?
Қазақ мəңгі қалады ұлы болып,
Сақта мəңгі тарихыңды есіңе.

Біздер кімбіз, ұлы елдің ұрпағы,
Көрінген кеп, ұлылығын құртады.
Жылтыраққа ілесіп қыздарымыз,
Шетел асып қуанады ұл тағы.

Қазақпыз ғой, қанында қайсарлығы,
Өзімізде сана бар байқар мұны,
Тарихымыз үзіліп тамырынан,
Туды ма екен, пасықтық, сайқал күні.

Қазағымның киелі топырағы,
Тарихыңды ұрпағың оқыр əлі,
Біздің қазақ неліктен соқыр əлі,
Сүндеттегі сəбидей отырады.

Бабаларың бар еді батыр əні,
Көз жетеді тарихын оқып əлі,
Қыран құста қалықтап көкірегі,
Өр ерлігін ұлтының шақырады..

Шығады батыр əні, батыр əлі
Үзілгенмен бəйтерек жапырағы,
Қайта көктеп, жаңғырар көкірегі,
Ұлылардың ұраны жатыр əлі..



Пікірлер (2)

Модератор

Авторы өзіңіз болсыңыз - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар

Рахат

Қазақ басқа ұлттан еш жері артық емес, кем де емес. Барлық ұлттар бірдей. Мəңгі ұлы болып қалу үшін әлемге пайдалы нәрсе жасап қалдыру керек (ғылым, білім, кітап, жаңалық ашып...) Ал бүгін әлемді қояберші біз өзіміздің қазаққа да пайдамыз тиіп жатқан жоқ

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз