Өлең, жыр, ақындар

Көл түбіне кім аспанды төсеген

  • 12.09.2018
  • 0
  • 0
  • 3098
Толқын күліп судың беті шымырлап,
Нұр өбеді суға төніп сыбырлап.
Сағым жүйткіп жалт-жұлт етті дамылсыз,
Жатыр ма әлде ойшыл жаннан сыр ұрлап.
Бір шымырлап, бір дірілдеп көл тынды.
Құс қиқуы әнге бүгін толтырды.
Балақтарын су мүжіген тілкімдеп,
Жартастар да құшаққа алды толқынды.
Нар қамыстар сылдырайды жиекте,
"Бірге ала кет ауылыңа жыр ет те",
Дегендей-ақ басын шұлғып шулайды,
Сезім шалқып тебіренеді жүректе.
Тұрды үнсіз жоғарыдан ай қарап,
Алтын сәуле толқындарды аймалап.
Толғанады іштей үнсіз ақын жан,
Отырмақ па қайықта ол жәй қарап.
Өмір көрдім судың мөлдір түрінен,
Көз тартатын қандай ғажап тұнық ең.
Көл түбіне аспанды кім төсеген,
Оттарына қызығам да үңілем.
* * *
Ұшқыны отты көздің тұрды атылып,
Жым болды балқып маңай жырға тұнып.
"Бозжорға" үйді тарта жөнелгенде,
Қалың топ қалды тағы ырғатылып.
Қол билеп күмбірлетті қос шекті,
"Сарыарқа" нөсер болып жосып өтті.
Күй шалқып кең дал ада дариядай,
Шопанның қалқып сонда қосы кетті.
* * *
Жанашыр бола отырып,
Досыңа қулық сақтайсың.
Күлгенсіп-ақ өтірік,
Өзіңді әйтеу ақтайсың.
Өзгеге өмірі сенбейді,
Бәленің бөрі ішінде.
Өңім тұрмақ сендейді
Көрмейінше түсімде.
Жат мінез, жаман ойдан аулақ ақпын,
Өмірден жақсылықты ауламақпын.
Арманмен жалғастырса мені тағдыр,
Тағдырдан бақытты өзім дауламақпын.
Мінезді қайтем тоқсан құбылатын,
Толқынмын, орным бөлек құйылатын.
Күннің де ғашық емен мен нұрына,
Жетеді өз жылуым, өз қуатым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өлеңмен әлдилеп

  • 0
  • 0

Өткен күнге тіл қатып сыр кешіп ем,
Мұң-зар көшіп жатыпты-ау, қыр төсінен.
Құйылып құз-қиядан бір әсем күй,
Қазақтың ән өріпті күркесінен.

Толық

Еркелік

  • 0
  • 0

Жапа шеккен жалғыздыққа осынау,
Сен де араша бола алмадың досым–ау.
Жеңе білген қиындықтың қандайын,
Адамдардың жаны тіптен асыл–ау.

Толық

Сыр берме

  • 0
  • 0

Көрмегелі көп болып дала — қызды,
Көңіл бірдей желпініп алақызды.
Көздер бар ғой отырар төне түсіп,
Ұмытып ойнап жүрген балаңызды.

Толық

Қарап көріңіз