Өлең, жыр, ақындар

Мектебім

Талай жылдар талай шəкірт өсірген,
Мектебімсің білім нəрін сіңірген,
Ұстаздарым еңбек етіп келеді,
Тəрбие мен ілім сырын үйреткен.

Талабымды талантымды таңытқан,
Əр кез демеп мерейімді асырған,
Ұстаздарым мен сіздерге бас ием,
Білім беріп, өнерімді шыңдаған.

Жалықпай бар білгенін үйреткен,
Қателессек қатемізді кешірген,
Үлгі болып шəкірттерін тəрбиелеп,
Құтты болсын ұстаздарым мерекен.



Пікірлер (1)

Гүлім

өте керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз