Өлең, жыр, ақындар

Тастағы таңбалар

  • 15.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2685
Басымырақ —
Аңыздан да шындығы,
Басымырақ —
Жақсылықтан сұмдығы.
Басымырақ —
Серіліктен сергелдең,
Туратылған туырлық пен түндігі.
Басымырақ —
Сүйінуден даттауы,
Басымырақ —
Өлеңнен де жоқтауы.
Басымырақ —
Күлкіден де күрсіну,
Қайда үзілген қыздың сылдыр шашбауы.
Басымырақ —
Жеңілгеннен жеңгені,
Зырылдайды ұршық дүние шеңбері.
Ыңырсиды қиып кетіп қыл арқан,
Түйелердің түсірусіз теңдері.
Будақтайды —
Көз ұшында көш шаңы,
Қиып бәрін туған жерден басқаны.
Өткен өмір шежіресін шерткендей,
Күңіренеді көп таңбалар тастағы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үнсіз ылғи қарайлап

  • 0
  • 0

Айнадай беті жалтырап,
Алысып ойнап айменен.
Жапырақ жүр қалтырап,
Толқында жүзіп жайменен.

Толық

Шыңдағы шопан

  • 0
  • 0

Жатқанда құс қиқулап енді қонып,
Көктемге бір ерекше белгі болып,
Сәйгүліктер сабылған даласында
Мәз боп қайттым баладай,

Толық

Бүркітті шыңы

  • 0
  • 0

Қарт Жоңғардың бір шыңы бар — Бүркітті,
Сұсымен ол талайларды үркітті.
Бұлт үйіріліп кетпепті ұдай басынан,
Тас түнеріп жасын жерге бүркіпті.

Толық

Қарап көріңіз