Өлең, жыр, ақындар

Шаншыма, Жүрек!

  • mendi
  • 16.09.2018
  • 0
  • 0
  • 3150
ШАНШЫМА ЖҮРЕК....

Шаншыма жүрек... өтінем сенен, шаншыма,
Шаршатты ма сені беймаза өмір жаншылап?
Шырмауы көп тағдыр бақытын бәлкім бұйыртар,
Шаншыма жүрек, көргейсің енді сәл шыдап...

Ауырма , жүрек, өтінем сенен, ауырма ?!
Аз көрген жоқсың, қайғы да, мұң да, ауыр да...
Азырақ шыда, сабыр қыл тағы,тоқтама,
Алдымызда кездессе тағы дауылдар...

Тоқтама, жүрек, өтінем сенен,тоқтама!
Тарыға көрме, оралмас күнді жоқтама!
Толқынмен аққан желкенді қайық секілді,
Тынымсыз жүзші, аласапыран соқса да!

Жүрегім міне, сырымды сенімен бөлістім,
Жәйменен ғана деймісің маған «келістім»?
Жәйменен ғана бүлкілде солай, жүрегім,
Жырыммен әлі қайтарар бар ғой жемісім!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз