Өлең, жыр, ақындар

Басыңды қара жерден көтер қазақ!

Басыңды қара жерден көтер қазақ!
Болғаның шет елдерге жетер мазақ.
Бойыңды тіктемесең жігерленіп,
Басыңнан өмір бойы кетер ме азап!

Жүнжіме!
Жем болатын сен емессің,
Өр қазақ, өзгелерден кем емессің!
Қос қолдап қолдамасаң бір-біріңді,
Қазағым сен мәңгілік ел емессің!

Кеудеңді өзге елмен теңдей ұста!
Біреуге намысыңды бермей ұста!
Мұхитта өмір деген бәрі бірдей,
Ұмытпа ол да ағыста!
Сен де ағыста!

Атып шық!
Мінберлерге сөз бермесе,
Жіберме!
Намыс болса, ездерге есе!
Ол қашан келеді деп күтіп жүрмей,
Тартып ал!
Бақытыңды кез келмесе!

Басыңда өнер-ғылым, білім жоқ па,
Ғылымды сөйлететін тілің жоқ па!
Өзгемен Жұмыр жерді тең басқанда,
Көретін басқаларсыз күнің жоқ па!

Бойыңда тіресетін күшің жоқ па,
Аузыңда көрсететін тісің жоқ па!
Неліктен өткен күнге жалтақтайсың,
Әлде осы болашақпен ісің жоқ па!

Қазақты мұқатуға бәрі құмар,
Басыңды көтермесең әлі жығар.
Сап түзе!
Көзіңді аш!
Оян қазақ!
Біздерде намыс, жігер бәрі де бар!



Пікірлер (5)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз, автор деген бөлімді бос қалдырып, - авторы өзім - дегенді белгілеу керек.

Айбар

Қос қолдап қолдамасаң бір-біріңді...
Өте дұрыс айтылған нақыл сөз.

Кенжегул

Кермет. Өтте өршіл. Кəзіргі Алаш

Aibekkk

Оян қазақ!

Алма

Супер!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз