Өлең, жыр, ақындар

ҮМІТ. СЕНІМ. МАХАББАТ.

  • mendi
  • 18.09.2018
  • 1
  • 0
  • 5576
Бұлыңғыр кейде болса да кеше, бүгін күн,
Сейілмей сірә тұрса да күпті күдігім.
«Үмітсіз-шайтан» ... талмаймын үміт етуден,
Алдама мені, үзіле көрме, ҮМІТІМ!

Жетеле ҮМІТ, соңыңнан талмай еремін,
Үімітім-кеме, теңізді кешіп келемін...
Жүрегімдегі өшпейтін жалғыз алауым
Сенсің ғой, ҮМІТ, сен өшсең-мен де өлемін!

Өтуде жылдар... өтеді сырғып сері күн,
Жабығып Үміт іздесе бір сәт серігін.
Демеп те, жебеп,алдыға сүйрер ҮМІТТІ,
«Бәрі де жақсы болады!» деген СЕНІМІМ!

ҮМІТ пен СЕНІМ –екеуі менің тірегім,
Орындалады, арманым, ойым, тілегім!
ЖАҚСЫЛЫҚ, ҮМІТ, СЕНІМге мекен тұрақ боп,
Бүлкілде менің, МАХАББАТ толы жүрегім!

МАХАББАТ шексіз....Еліңе, Ана, Жарыңа,
Жақсы жандарға, Досыңа, Балаларыңа!
ҮМІТ пен СЕНІМ, МАХАББАТ берген жүрекке,
Өзіңе шүкір айтамын АЛЛА тағы да!!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар