Өлең, жыр, ақындар

Ақ Жайық тасымайды бұрынғыдай

Іші тар адамдардың қарғысы атып,
Жат пиғыл,
Арам іске ұрынды ма.
Көк шалқан толқындары жарды соғып,
Ақ Жайық тасымайды бұрынғыдай.

Жуасып жарды соққан толқындары,
Бар-ісін пенделердің айыпты етіп.
Тұншығып кеудесінде жойқын жаны,
Барады қоштаспастан Жайық кетіп.

Біздерден қайсар жаны мұң жасырып,
Ақ Жайық арығанын білдірмейді.
Кетсе де тамырлары құмға сіңіп,
Кеудесі шалажансар күмбірлейді.

Ау тартқан кездеспейді балықшылар,
Шау тартқан шаңқылдамас шағалада.
Алдыңнан қарсы алады қайыршыдай,
Кемесі қайырлаған жаға ғана!!!



Пікірлер (2)

Айбар

Өте жақсы жазылған.

Aibekkk

Жайық өзені көз алдымызда суалып барады, өкінішті-ақ

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз