Өлең, жыр, ақындар

Бір уыс топырақ

  • 19.09.2018
  • 0
  • 0
  • 4403
1
Қаншама артық болса да
басқа қала,
Жетер ме өз туған жер,
тас қораңа.
Алыс жүрсең құса болып
сағынышың,
Құшақтай ма жартасын,
жастана ма.
Әлде одан өрім өмір
бастала ма,
Әлде оған сырлы, ыстық
жас тама ма,
Әлде одан көтере ме
алғаш рет,
Шырылдап жатқанында
асқақ ана.
Әлде адам сарқып барып
бар тірлігін,
Бір уыс топырағын
жастана ма.
2
Құшағы бұл даланың
қаншама алып,
Қиырына құс қанаты
талса да анық.
Бір уыс топырағы үшін
туған жердің,
Жатады қантөгіс қып
қанша халық.
Өзіңнен арман аулап,
бақыт тауып,
Өмір озар желдіртіп,
бірде шауып.
Аяңнан алыстасам,
о туған жер,
Ораламын өзіңе
аңсар ауып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күзгі дала аспаны

  • 0
  • 1

Бұл күн де өтті,
Алаңдатып, әр қадамын санатып,
Дыбыс шықса жуық маңнан
Өзіне жалт қаратып.

Толық

Қара бұрым толқындап тілерсекте

  • 0
  • 0

Арманы бір қашанда,
Тілегі бір,
Үміт артқан халқымның түлегі бұл.
Осынау қарақат көз сіңлілерім,

Толық

Орамал

  • 0
  • 0

Есімде көкшіл орамал,
Есімде күнің сыйлаған.
Жақсылыққа жорамал,
Басқаға оны қимаған.

Толық

Қарап көріңіз