Өлең, жыр, ақындар

Алтын күз

Жан жабырқап, суынады көңілім,
Жүрегімде сезімімде жоқ бүгін.
Өлеңімді əрең сүзіп аламын,
Көңіл алаң, ойым бөлек, күзгі мұң.

Күзгі алқап, төгілгендей алтын нұр,
Алтын нұрға көміледі өлең жыр.
Күздің осы көрінісі тамаша ,
Жазатындай əп-əдемі өлең бір.

Жапырақтар сарғаяды, сел жүріп,
Күн долданып бір қояды, бір күліп,
Өткен күннің қалмады енді ізіде.
Өткен күннен қалды тек  бір естелік.

Күз келеді сарғайтады жан-жағын,
Жабырқатып жасырады күлкісін.
Жымияды жай майысып тал шыбық,
Алтын түске боялады маңайын.

Ертісімнің жағасында тұр орман,
Алтын ақша құйып кеткен аспаннан,
Жылт-жылт етіп мөлдірейді өзенім
Күміс суда сəулесі тұр алтыннан.

Əуен тұр құлағымда əлдилеп,
Салқын самал үп етеді жел үрлеп,
Күрең сары қызғылт мына жапырақ.
Көзді тартты қызықтырып сəл баурап.

Көшелерде тұйық аздап адамдар,
Күз əсері болдыма екен жауратар,
Бұлт көрінсе жаңбыр құйып кетеді,
Не болмаса жанды ғана ауыртар.

Жаураған жан көңілінді мұз етпе,
Ашуланба сен бізге де, күзге де,
Табиғаттын ісі - бұл бір заңдылық.
Күз болмаса  көктем бізге жеткен бе.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер