Өлең, жыр, ақындар

"Белгі" ескерткіші

Қалың ойға қамалдым қайдан тағы,
Зұлмат жылдар тағы да ойлантады.
Қан жылатқан талайды қанды қырғын,
Еске түссе салқынын байқатады.

Қырылды қанша халық еш себепсіз,
Өмірдің сыны болар еш керексіз.
Жырлаймын жаным барда құрбандарды,
Ол үшін ата - баба кеш демессіз.

Жазылды талай жерде талай дастан,
Ескерткіштер тарихпен орайласқан.
Айғақ боп тұр әнекей тұрғылықты,
"Белгі" ескерткіш сыр шертіп қарайласқан.

Белгіде тал бесік тұр қасиетті,
Көрген сан зобалаңды, қасіретті.
Енді өркен жайсын бейбіт бәйтерегім,
Жаратқан жарқын өмір нәсіп етші.

Белгіде қадір тұтқан домбырам тұр,
Зұлматтың зарын шертіп,тоң құралған.
Төрімізден түспесін қос шанақтым,
Домбырамдар ойналсын жанды ұрандар.

Бұл "Белгіде" жүрекке нұр себеді,
Бар жақұты бойында тұрса еленіп.
Басындағы байлығы бес елі елім,
Осы емес пе бағыңның бір себебі.

Талай нәубет тарихтың беттерінде.
Бабаларым Зар заман кешкені де.
Тәу еткен тәуелсіз ел аспанында,
Ұрпағың еске алып, ескеруде.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз