Өлең, жыр, ақындар

Тілім менің

Қолға қалам алдым тілді жырлауға,
Қасиетін ұғындырып келешекке жолдауға
Ата-бабам туған тілін мақтанышпен жырлаған
Туған тілде жеткен тарих, оқитындай бір ғалам.
Тілім менің адамдықтың айғағы
Салынбайық надандыққа қайдағы
Тілім барда, тірімін мен азатпын
Шығаруға дайынмын мен атын мәңгі қазақтың!
Мен қазақпын, тілім қазақ, жүрек те
Елім аман, жұртым тыныш болсын деген тілек те.
Елім барда, тілім барда, мен бармын
Деген тілек мына бала жүректе!



Пікірлер (1)

Модератор

Енгізіп жатқанда: егер авторы өзіңіз болсаңыз - авторы өзім - дегенді белгілеуді де ұмытпаңыздар.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар