Қызылорда қаласына - 200 жыл!

Жүретін нуларыңда барыс қана,
Бастапқы атың болатын Қамысқала.
Ақмешітке бекініс сап Қоқандар ,
Білді олар осы аймақты табысты қала .

Қоқан кетіп ,орыс боп қожаң сенің ,
Перовск атандың содан кейін .
Сенде орнап алғаш Кеңес үкіметі ,
Астана болып шықтың оған бейім

Ақындар арнап саған көп ән-жырды ,
Өзіңді Астанам деп Отан құрды .
Большевиктер қызыл ту тігіп саған ,
Өзіңді Қызылорда атандырды .

Бүгін сен Егеменді ел, қаласың,
Мақтансын бүкіл қала даласы үшін.
Сен өсіп -өркендесең Қызылордам ,
Қуанады бар қазақ баласы шын .

Қызылордам -сен менің мақтанышым,
Өзіңе Қыдыр қонып ,бақ дарысын .
Кеудемде өзіңе айтар мың алғыс бар ,
Өзіңде өткен бақытты шақтар үшін .

Тастап артқа сен бүгін қос ғасырды, ,
Есімің Байқоңыр боп көкке асылды .
Құт қонып Қызылорда аймағына ,
Ақ күрішім ақ маржан боп шашылды .

Құтты болсын мерейтой ,Қызылордам!!!
Шыға берсін бейбіт күн күліп алдан .
Қызылордам-өзіңсің бақ мекенім,
Әні болған елімнің ,жыры болған.

Көшесінде сан баба із қалдырған,
Бір көрген жан сәніне қызыға алған ,
Егеменді ел төсінде жайнап -өсіп ,
Мың жасай бер сүйікті Қызылордам!!!



Басқа да өлеңдері

Тәуелсіздік -Елбасы -Егіз ұғым.

  • 0
  • 0

Отанымның егемен кезі бүгін ,
Отан бүгін қолында өз ұлының.
Ел сыйлайды Елбасын ,себебі оның -
Тәуелсіздік -Елбасы -егіз ұғым !

Толық

Тілім менің

  • 0
  • 1

Санамызға өзгеріс болсын , әр күн ,
Шын рухани жаңғыра алсын , әркім.
Көрінсек деп, 30 -ел биігінен ,
Енгіздік әліпбиге латын әрпін .

Толық

Сүйікті газетіме.

  • 0
  • 0

5 жасқа толды бүгін " Тіл сақшысы ",
Тілекші оған елімнің кіл жақсысы.
Бұл газетте келеді сыналумен ,
Келетіндер тіліме кір жаққысы .

Толық

Пікірлер (2)

Raimbek2019

Астанага арнау

Оркендей бер жайнай берши бас кала

Дамый берши онеге боп баскага

Журегимнен ойып орын алатын

Коркие бер Елордамыз Астана!!!

 

Биик биик гимараттар сани еди

Астанамен салыстырма алемди

Ханшатыр мен Пирамида Байтерек

Эйфелдеги мунарадан адеми

 

20 жылдык мерейтой Астанада

Оленимди арнайын бас калама

Есилдин жагасында бой котерген

Жетпейди ешбир калам Астанама

 

Бейбитшилик орнаткан елимизде

ЭКСПОны откизип торимизде

Нур агадай елбасы улы тулга

Казак ели сенеди озинизге

 

Жастарыма улги болар Улы ага

Мейрамыныз кутты болсын Нур ага

Астанамен катар осип келемиз

Айналдыныз умытылмас тулгага

 

Астанама жыр шумакты арнадым

Жамбыл атам салган жолды тандадым

Райымбектей кас батырдын есимин

Ойда жокта есимим кып алганмын

 

Астанам ол тарихымнын айнасы

Талай батыр акындардын ортасы

Елим жерим Отаным деп урандап

Жауга шапкан батырлардын ордасы

 

Улги болар жастарыма онеге

Елордамыз болды бизге кереге

Жыр шумакты бир озине арнаймын

Кок туымыз желбиресин тобеде

oyan18

Мырзабеков Райымбек

Актобе облысы,Кандыагаш каласы

Рахат

Raimbek2019, өлеңді пікірге емес, бөлек енгізу керек қой)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)