Өлең, жыр, ақындар

Туған жер

Өзіңде өсіп,бойжеттім мен, туған жер
Аунап өсіп,кірім сенде жуған жер.
Туған жерім сарқылмайтын бақытым
Көркейе бер, жайна мəңгі,туған ел!
Өтті сенде қайтып келмес күндерім,
Есте қалар жайқалған əсем гүлдерің.
Тұғырыңда биік тұрып сүйсінер,
Бар адамға естілер сенің үндерің.
Өзіңдей тату-тəтті жер көрмедім,
Туған жерім, сен үшін деп тер төгемін.
Өзің ғана дауа болдың жаныма,
Ғажабыңды əлі талай көрермін.
Көз тігеді бар əлем саған əлі,
Шарықтайды əнұран боп асқақ əні.
Танымал, ғажап жер болып жарқырайды
Одан сайын кіреді оның əрі.
Туған жерім еш елден қалыспайды,
Қыран құсы көк аспанда қалықтайды.
Қиындыққа шыдамдылық танытып,
Озық ел екенімізді растайды.
Туған жерім сен ғана - Қазақстан,
Көркіңе көз тоймайды ғажапстан.
Көркейесің, əлі алда болашағың
Жаралғансың мен үшін асыл тастан!



Пікірлер (4)

abubakirova04

Өлең қатты ұнады.Мазмұны ұйқасы жақсы

Mahash

Мазмұны жақсы екен

nurhat03

Өлең тамаша

Елназ

Мына такпактын аты мен шын авторы кым?

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз