Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздік

Әнұраным шырқалып өз тілімде,
Көк байрағым желбіреп тұр көгімде.
Халқымыздың арманы сан ғасырлық
Қазақстан - тәуелсіз ел бүгінде!
Қайтпас қайсар халқымнан айналайын,
Туған жердей жерұйық қайда, ағайын?
Тәуелсізбіз, сол үшін мақтанамыз,
Бар мақсатым - соған шын сай болайын!
Еркін елмін, көрінем биіктерден,
Ырыздығын құдайым үйіп берген.
Қазақ халқы барады болашаққа
Ай маңдайы жарқырап сүйікті ермен!
Зәулім көкпен қаламыз таласқандай,
Шекарам бар, дұшпаным санасқандай.
Бейбітшілік мекені - Қазақстан!
Ынтымағы елімнің жарасқандай!
Кейбір жұрттар қыспақта көрсе күнін,
Ерлерім көп ақтаған ел сенімін.
Мәңгі жасыл қырында Азаттықтың
Бақыт сол ғой жас ұрпақ терсе гүлін!



Пікірлер (7)

abubakirova04

Ұйқат түрлері ұнады????

abubakirova04

Ұйқас түрлері ұнады????

nurhat03

Ұйқасы жақсы өлең қатты ұнады

esenalieva05

Өлең ұнады мазмұны бəрі керемет

Aidana

Автордың аты жөні кім?

Аяулым

Автор аты жоны

Рисолат

Оте керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар