Егемен елім бар

Айтылар бүгін елдің арман әні,
Бәрі де Елбасына арналады.
Елбасы тірек болған Тәуелсіздік,
Елімде ширек ғасыр орнағалы.
Заманның өтіп талай сынағынан,
Нәр алдық азат елдің бұлағынан.
Елімдеп тулай соққан әр жүректе,
Елбасы жағып берген шырағынан.
Жанады алдымыздан жалынды үміт,
Нұрына бар халықты шомылдырып.
Елімде Нұр атадай ер тұрғанда,
Жүрерміз сан белесті бағындырып.
Міндет көп алдымызда асқаралы,
Тарих боп қашалады тасқа бәрі.
Тұрсақ та жиырма жеті жыл биігінде,
Болашақ дәл бүгіннен басталады.
Мерейлі ел барма екен дәл осындай,
Кеңдігі дархан қазақ даласындай.
Ынтымақ, татулықты ту еткенбіз,
Ардақты алты алаштың баласындай.
Егемен елім бар деп мақтанамын.
Шуақты шаңырақта шаттанамын.
Елжіреп елін сүйген Елбасымен,
Бақытты болашаққа аттанамын!

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (3)

Mahash

Тамаша өлең ұйқасы жақсы мазмұны керемет

nurhat03

Өлең маған қатты ұнады тамаша

esenalieva05

Өлең керемет тамаша

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)