Өлең, жыр, ақындар

Ақтолқын Нұрлыбайқызына

Сіз Толқынсыз тербететін ойларды ,
Журналистсіз жазатын көп жайларды .
Журналистік өтіліңіз - он үш жыл ,
Қаламыңыз бүгін әбден қайралды .

Насихаттап ынтымақты бірлікті ,
Қатыстыңыз жарыстарға кіл мықты .
Байладыңыз қанжығаға сан жүлде ,
"Самғау " Алтын қауырсындай " сыйлықты ..

Халық үшін төгіп жүрсіз шындап тер ,
Қаламыңыз жазды ел жайлы мың беттер.
Тақтыңыз ғой омырауға медальді .
Дейтін "Үздік әлеуметтік қызметкер "

Сыр бойынан іздер әркез ізгіні ,
Өзіңіз ғой Сырдың әсем бір гүлі .
Сіз болдыңыз және біздің аймақта ,
Ең "Жауапты хатшылардың үздігі "

Қалада көп Сіз жазатын тақырып ,
Сындар да көп билікке айтар батырып .
Халық қамын қаламыңмен қолда деп ,
Жолдар жатыр Сізді алдыға шақырып .

Сіз адалсыз "Жөн емес ", дер жөнсізді
Сіз әділсіз "Тең емес ," дер теңсізді .
Мен де Сіздей болсам -ау деп журналист
Әрқашанда үлгі тұтам мен Сізді .

Қаламменен демеп әркез Сыр елін ,
Бағындырып әдебиет шың өрін.
Ертеңдері еліміздің айтулы ,
Қаламгері Сіз болса деп тіледім !!!!



Пікірлер (1)

Модератор

Енгізіп жатқанда: егер авторы өзіңіз болсаңыз - авторы өзім - дегенді белгілеуді де ұмытпаңыздар.

Пікір қалдырыңыз

Тілім менің

  • 0
  • 1

Санамызға өзгеріс болсын , әр күн ,
Шын рухани жаңғыра алсын , әркім.
Көрінсек деп, 30 -ел биігінен ,
Енгіздік әліпбиге латын әрпін .

Толық

Қызылорда қаласына - 200 жыл!

  • 0
  • 2

Сәулетті әсем қалам Қызылордам,
Сыйлаған мендей ақын ,қызына арман .
Көз жүгіртсем кешегі өткеніне ,
Сенде талай тарихтың жүгі қалған .

Толық

Жел туралы

  • 0
  • 1

Күн мен түн теңеліп,
Аспанда бұлт ауады.
Жапырақтар сарғайып,
Қатты жел соғады.

Толық

Қарап көріңіз